Өлең, жыр, ақындар

Мектеп парламенті — оқушылардың көшбасшылық мектебі

   Қазіргі таңда мектеп ұйымдарының саны арттып келеді.Әр жыл сайын жаңа бағыт,жаңа бастама.Солардың бірі — мектеп парламенті(өзін-өзі басқару ұйымы)Бұл мектеп оқушылары үшін таптырмас орта.Неге? Себебі бала жастайынан көшбасшылық қасиетті бойына сіңіріп,мектеп белсендісі болғым келеді десе оның бірде бір шешімі-мектеп парламенті құрамында болу.

Мектеп парламенті деген не?

Мектеп парламенті-мектеп үздіктері мен белсенділерінен,өзіндік 8 фракциядан тұратын мектепшілік ұйым:

1. Құқық және тәртіп фракциясы(оқушылар арасында тәртіпті қадағалау)

2. Ақпарат фракциясы.(әлеуметтік желіні басқару,ақпарат жеткізу)

3. Спорт және салауатты өмір салты фракциясы.(оқушыларды спортқа баулу)

4. Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы (психологиялық қолдау көрсету)

5. Қамқорлық фракциясы (еріктілік,қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру)

6. Мәдениет және өнер фракциясы (мектепте мәдени ісшараларды ұйымдастыру)

7. Дебат қозғалысының фракциясы.

8. Экология және еңбек фракциясы министрлері (табиғатты таза ұстау,оқушыларды еңбекке баулу)

Мектеп парламентінің мақсаты қандай?

1.    Оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту.

2.    Оқушылар үшін маңызды әлеуметтік жобаларды іске асыру.

3.    Оқушылардың пікірін ескере отыра ортақ мәселелерді шешу.

Мектеп парламентінің міндеті қандай?

●     Мектеп парламенті мүшелері мектеп оқушыларымен жақсы қарым-қатынас ұстайды.

●     Мектеп әкімшілігі мен бірге оқушылардың қызығушылықтарын арттырады.

●     Мектеп іс-шараларының ұйымдастырылуына жауап береді.

●     Оқушылардың мектептен тыс уақыттарын тиімді пайдалануға ат салысады.

Ұйым өкілі болу үшін нестеу керек?

Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген үздік оқушылар ұйым басшысына өтініш қалдырады.Әр жыл сайын құрам жаңарып тұрады. Мектеп парламенті ұйымы оқушыларға берері мол.Мұндай ұйымдар арқылы жастар мектеп өміріне белсенді араласып, өз пікірін еркін жеткізуді үйренеді. Нәтижесінде оқушылардың бойында азаматтық сана мен патриоттық рух қалыптасып, ел болашағына үлес қосатын белсенді ұрпақ өседі.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Кеген Айнара


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз