Өлең, жыр, ақындар

Қайырымдылықтың қоғамдағы маңызы

   Әлеуметтік көмек пен халықтың әлжуаз топтарына қолдау көрсету кез келген мемлекеттің даму деңгейін көрсетеді. Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстандағы кедейшілік деңгейі 5,3%, яғни табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі осындай мөлшерде. Алайда шынайы жағдай бұдан да күрделірек болуы мүмкін.

Көмекке мұқтаж жандардың қатарына көп балалы отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар балалар мен азаматтар, сондай-ақ әлеуметтік тұрмысы төмен топтар жатады. Бұл санаттағы адамдарға мемлекет тарапынан да, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары азаматтар мен кәсіпорындар тарапынан да жүйелі қолдау қажет.

2016–2022 жылдар аралығында «Самұрық-Қазына» қорының бірыңғай қайырымдылық операторы — Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қоры жалпы сомасы шамамен 67 млрд теңгені құрайтын 307 жобаға қайырымдылық көмек көрсеткен. Нәтижесінде 2 млн-нан астам қазақстандық азамат көмек алған.

Жобалардың ішінде:

  1. Қазақстан бойынша оңалту және ерте араласу орталықтарын ашу;
  2. Әмбебап инклюзивті спорт алаңдарын орнату және спорт кешендерін салу;
  3. Денсаулық сақтау мекемелерін заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету бар.

Мұндай игі істердің арқасында Қазақстанның халықаралық беделі де артып келеді. The World Giving Index-тің 2022 жылғы есебінде еліміз қайырымдылық деңгейі бойынша 14 сатыға көтеріліп, 119 елдің ішінде 54-орыннан 40-орынға көтерілген.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Ким Жасмин


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз