Өлең, жыр, ақындар

Қазіргі таңда ешқандай қосалқы мамандықсыз, бір ғана мамандықты меңгеру жеткіліктіме?

   Мамандық – қызметкердің кәсіп шегіндегі қызметінің нақты саласы. Ол лауазымнан өзгеше түрде белгілі бір білімді және арнаулы түрде оқып-үйрену немесе жұмыс тәжірибесін жинақтау барысында алған еңбек машықтарын талап ететін еңбек қызметінің тегін сипаттайды. Лауазымдық міндеттердің шеңберін айқындайды. Ал қазіргі таңда тек қана бір мамандықты меңгеру жеткіліктіме?

Жоқ, болмайды!

Біріншіден, заман ағымы өзгерген сайын, талаптарда күшейе түсуде. Қазіргі таңда «ешкімге күнім түспесін» десеңіз, бір ғана мамандықпен шектелуіңіз басты қателік. Әлемде 40 мыңнан аса мамандық бар. Мысалға; журналистика мамандығы. Журналист болу үшін қазіргі таңда тек сөз саптауыңның болуы,көгілдір экран алдында еркін сөйлеу жеткіліксіз. Сіз бұл жолда монтажшы да, мобилографта кейде тіпті сценаристте болуға дайын болғаныңыз жөн. Өйткені журналистика қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандық. Екіншіден, қажеттілік сұраныс туғызады. Қарапайым күнделікті көріп жүрген мұғалімдерімізді алайық. Артылған жұмыс пен жауапкершіліктің көптігінен, олар тек мұғалім емес, әртіс, әнші, биші болады. Яғни, бойында жоқ қабілеттері де ашылып жатады. Өйткені мұғалімдер «мүмкін емес» деген сөзді білмейтін мамандық иелері. Бірақ соған қарамастан қазіргі таңда Қазақстанда шамамен 340 676 мұғалім бар. Үшіншіден, табыс көзінің жетіспеушілігі. Бір баста түрлі мамандықты меңгертуге итермелейді. XXI-ғасыр технологияның, желінің дамыған заманы. Жыл сайын түрлі гаджеттер, мессенджерлер шығуда. Ал бұл ағымнан қалмау заман талабы. Бұның барлығы әрине түбінде ақшаға тіреледі. Өзіңіз қойған үлкен мақсаттарға жету үшін тек бір табыс көзімен шектелуге болмайды. Заман дамыған сайын түрлі жаңа мамандықтар пайда болуда. Мысалға; виртуальды әлем дизайнері, жасанды интеллекттік туризм жүйелерін әзірлеуші т.б.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Азаматова Айәсем


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар