АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан тарихы мектептерде мемлекеттік тілде оқытылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде 2015-2020 жылдарға арналған үштілді білімді дамытудың Жол картасын таныстыру кезінде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Мариям Мұқатова мәлім етті.
«Үш тілде білім беру - ол тек ағылшын тілінде оқытуға көшу дегенді білдірмейді. Біз бұл тұрғыда мемлекеттік тілдің басымдығы жөнінде ұмытпауымыз керек», - деп тоқталды. - Сондықтан да қазіргі кезде Ұлттық білім академиясы барша білім беру ұйымдарында оқыту тіліне қарамастан, «Қазақстан тарихы» пәнін қазақ тілінде, ал «Дүниежүзілік тарих» пәнін орыс тілінде оқыту мәселесін қарастырып жатыр».
М. Мұқатова Ұлттық білім беру академиясы жанында Үш тілді білім беру орталығы құрылатындығын, бұл өз кезегінде Қазақстанда үш тілде білім беруге көшу бойынша жұмыстарға жетекшілік ететінін жеткізді.
Жол картасы аясында «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің әлеуетін пайдалану ескеріліп отыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Марат Досболов
Дүниежүзілік тарих пәнін орыс тілінде оқыту не деген сұмдық? Сонда қазақ тілді мектепте жарты сабақ қазақ тілінде жарты сабақ орыс тілінде қалғаны ағылшын тілінде оқытылады ма? Масқара....!!??!
оқырман
Олардың түсінігі бойынша Дүние жүзі ол Ресей шығар ))