Қазіргі ақпарат тасқыны күшейген заманда журналист болу тек жаңалық жазумен шектелмейді. Ол-ойлау, талдау, қоғаммен сөйлесе білу өнері. Осы жолда өзімді дамыту үшін мен Ai Media журналистика курсына қатысып жүрмін.
Ai Media-журналистикаға қызығатын жастарға арналған заманауи медиа платформа. Бұл курс мен үшін теория мен тәжірибені қатар үйрететін, өз мүмкіндігімді сынап көруге жол ашқан маңызды алаң болды. Сабақ барысында жаңалық жазу, мақала құрылымы, тақырып таңдау, фактіні тексеру, ақпаратты дұрыс әрі түсінікті жеткізу секілді негізгі дағдыларды меңгеріп жатырмыз.
Курстың ең басты ерекшелігі-практикаға басымдық берілуі. Әр тапсырма нақты мысалдарға негізделеді. Біз тек тыңдап қана қоймай, өзіміз мәтін жазып, оны талдап, қателерімізді көреміз. Бұл өз стилімді табуға және жазу шеберлігімді жетілдіруге үлкен көмегін тигізді.
Сонымен қатар, Ai Media курсы маған журналистиканың жауапкершілігін терең түсіндірді. Ақпаратты бұрмаламай беру, қоғам алдындағы адалдық, сөздің салмағын сезіну-нағыз журналистке тән қасиеттер екенін осы курста анық ұқтым.
Қорытындылай келе, Ai Media журналистика курсы мен үшін тек оқу емес, өзімді табу жолындағы маңызды қадам болды. Бұл курс журналистика саласына шын қызығатын әр жасқа бағыт-бағдар беретін, тәжірибе жинауға мүмкіндік сыйлайтын орта деп сеніммен айта аламын.
- Марк Аврелий
- Альберт Эйнштейн
- Альберт Эйнштейн
- Финли Питер Данн
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі