Мақсат қою-қарапайым əрекет сияқты, бірақ дәл осы жерде көбісі ең үлкен қателіктер жасайды.Олар барлық мотивацияны өлтіреді. "Егер мақсатың болмаса, түк те тындыра алмаймын, ол мақсатың мардымсыз болса, ешқандай көрнекті нəрсе тындырмайсың"деген Дидро.
Аз болсын, көп болсын əркімнің мүддесі бар:ұлы болсын, ұсақ болсын əркімнің мақсаты бар. . . Тіпті, мүддесі жоқ адам болмайды. Адамның өмірі бір ғана зонада өтпеуі керек. Ол "комфорт зона"-дан шығып үйренуі керек. Мысалы:күніге тоғызда тұрып жүрген адам, алтыда тұрсын деген секілді. Мақсат айқын болуы керек. Мақсат айқын болса, армандар орындалады. Өзіңнің қиялыңдағы бір арманды аламыз, сол арманға жету үшін жоспар құрамыз жəне талпынамыз. Міне, сол кезде мақсат пайда болады. Адам, адам болғасын бір нəрсені тілемей тұрмайды, көңілі тілеуіне қарай бір нəрсені істемей тұрмайды. Адам неғұрлым қайратты болса, соғұрлым мақсаты да зор болады. Ұсақ адамның мақсаты да ұсақ болады. Өмір көп таңдауды талап етеді. Адам өз-өзіне сұрақ қоя білуі керек. Мен кіммін? Не үшін өмір сүріп жүрмін? Өзіңді басқа адамдармен салыстыр да, өзіңе тағы да сұрақ қой. Мен не істеп жүрмін? Олардан айырмашылығм қандай? Неге оны ол жасағанды, мен жасай алмаймын?Айта кетейін,сен ғана бостан-бос жүрсің,сен ғана телефонға телміріп отқан.Айналаңа қарап көз жүгіртші,тырмысып,тырбаңданып жүрген халықты көресің.Уақытты жоғалтып жатсың.Уақыт кері қайтпайтынын білесің.Əр уақытқа жоспар құрып,мақсатыңмен айналыссаң,қиялыңдағы ойың арманыңа айналады.
"Адам туғанда екі мінезбен туады.Біреуі ,ішсем,жесем,ұйықтасам.Екіншісі,көрсем,білсем,барсам" дейді Абай атамыз.Адам дүниеге келгенде,ішкі жан дүниесі бір салаға жақын болып келеді.Мысалы,менің тіл байлығым бар,бірақ спортпен,өнерге жақын емеспін.Сонда мен не істеймін?Жоқ нəрсені дамытамын деп тыраштанбаймын.Бойыңа берілген дарынды дамыта білсең,сен бұл өмірде ұтасың.Қабілетіңді дамыту керек.Ол сенің өмірлік жемісің.Бейім нəрсеңе қарап өмір жолын таңдайсың.Өмір деген осы,қиыншылыққа ұрылдың ба,"бір айналдырса,шын айналдырады". Менің сізге айтқым келгені,
"Болмысты да,болмасты да
Болады деп арманда"
Тұрғанбек Бибіфатима
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі