Журналист болу – бала арманнан басталған жол
Менің атым — Даниял Ділда, 11-сынып оқушысымын. Болашақ мамандығымды таңдауда мен үшін ешқашан күмән болған емес. Себебі журналистикаға деген қызығушылығым бала кезден бастау алады.
Кішкентай күнімнен теледидардан жаңалықтарды үзбей көретінмін. Әсіресе «Информбюро» бағдарламасындағы жүргізушілердің сөйлеу мәнері, ақпаратты нақты әрі сенімді жеткізуі мені ерекше қызықтыратын. Сол сәттердің өзінде-ақ бұл саланың маған жақын екенін сезіндім.
Уақыт өте келе бұл жай ғана қызығушылық емес, айқын мақсатқа айналды. Журналист болу — мен үшін тек мамандық емес, қоғамға қызмет етудің маңызды жолы. Ақпаратты шынайы жеткізу, халықтың үнін естірту, әділдікті насихаттау — бұл мамандықтың басты міндеттері деп білемін.
Балалық шақтағы ойындардың өзі де менің болашақ бағытымды айқындады. Құрдастарыммен ойнағанда өзімді журналист ретінде елестетіп, сұхбат алып, жаңалық жүргізетінмін. Сол кездің өзінде-ақ ішкі қызығушылығым үлкен арманға айнала бастаған еді.
Қорытындылай келе, бала кездегі қарапайым қызығушылық менің өмірлік мақсатымның негізіне айналды. Мен болашақта өз ісіне адал, кәсіби журналист болып, қоғамға пайда келтіріп, елге қызмет етуді мақсат етемін.

- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі