Өлең, жыр, ақындар

Армандар орындалады!

Арман-адам көкейіндегі ізгі ниет,болашақтан күтер үміт,алға қойған мақсат.Қазақ халқында армансыз адам жоқ.Арман сөзінің қолданылу аясы өте кең.Ол шығармашылық қиялдың дайындық сатысы. Арман адамды алға жетелеп, көптеген ерліктерге, адал, батыл әрекеттерге итермелейді. Қазак халқы"Армансыз адам-ормансыз бұлбұл"-дейді. Ал мен "Арманы жоқтың-жаны жоқ"-деп айтар едім. Себебі, менің ойымша, жаны нәзік, көңілі таза адамдар ғана армандай біледі. Шыныменде адам баласына ерекше қасиетті, армандай білуді үйреткен Алланың кұдіретінде шек жоққой! 

Кім армандауды жақсы көреді?Мысалы,мен өте арманшыл адаммын. Менімен бірге үнемі арман-мақсаттар бірге жүреді деуге болады. Армансыз күнім жоқ. Шамам келсін, келмесін армандарымда шек жоқ, таусылмас армандарым бар. Бір күні бұл армандарымның орындалатынына сенімім мол! Әр адам армандай білуі тиіс. Қаншалықты көп армандаған сайын, адамзат баласы биікке ұмтыла біледі. Жақсы өмір сүргің келсе, үлкен арман-мақсаттар қоя біл. Сонда ғана жетістікке жете аласың. Армандар адамдарға тың идеялармен үлкен шабытты беріп отырады. Армандау арқылы көзің ашылады, өмірде өз жолыңды табуға көмектеседі. Дамисың, жаңа серпін аласың. Езуің күлкі мен қуанышқа толады. Өзіңнің шын мәнінде қандай бақытты екеніңді сезінесің. Ал, енді бір сұрақ. Бақытты болып жүру кімге ұнамайды? Көп адамдар бізге айтады"Неге беталды нәрселерді ойлай бересің?Бәрібір оған жете алмайсың ғой"-деп. Адамдар айта берсін. Біреудің сөзіне құлақ салуға міндетті емессің. Бастысы өмірдің біз күтпеген тосын сыйларға толы екенін ұмытпа. Армандау тегін ғой. Ешкім саған армандама деп шек қоймайды. Барлығы өз қолыңда. Осы дүкендерде тегін киім, тегін тамақ беріп жатыр дегенде барлығын тастап, бос уақыт тауып барасың ғой.Мен сеземін, бір күні сен де барлық армандарыңды толықтай жүзеге асырасың. Сен де басқа мықты адамдар секілді үлкен жетістіктерге жетесің. Қаперіңде ұста: "Адам жасағанды адам жасайды". Сол сияқты менің мыңнан бір арманым үлкен, атақты дизайнерлердің бірі Ая Бапани, Нұржамал Нұрпейсованың бірі болу. Дизайнер болуға арналған көп кітаптар оқыдым. Журналдардан дизайнерлердің үлгілерін сурет дәптеріме әдемілеп сызатынмын. Дизайнер болып, өз үлгілерімді трендтен көру мен үшін үлкен ғанибет болушы еді. 

Қорытындылай келгенде,мен сабағымды жақсы оқып,үлкен маман иесі болып,халқыма титтейде болсын пайдамды тигізгім келеді.Яғни,ащы да болса шындық басқа пән таңдамай,өзімнің сүйікті пәнімді таңдап,қалағаным бойынша,өскенде"атақты дизайнер"болып,елге танылғым келеді.Бұл менің өмірімнің жаңалуын өзгеруге арналған тәтті арманымның бірі.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (15)

daiana2006

Маған қолдау көрсетініздер????

daiana2006

Жақсы коменттер күтемін!

Рымжан

Саттилик ботам. Арманына жет.

Құндыз

Өте жақсы алға

Ками

Әдеби жазылған, күшті

Жансая

кай жерге жазамз

daiana2006

Рахмеет көп

Бұдан да жақсы колдау корсетсениздер қатты қуанамын

temirzhan09

Kushti kushti jazylģan.Ardaiym esinde bolsyn, senı qoldaıtyn adamdar bar.Eshqashan sharshama , ari qarai jalģastyra ber????

daiana2006

Рахмет ағатай!

daiana2006

heart

Айдана

өте керемет,армандарың орындала берсін

Гүлсезім

жаным сол керемет әсер алдым,рахмет

Балгын

Оте жаксы жазылган! Маган катты унады!Арманын орындалсын!

Ааа

Өте тамаша! Сәттілік!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер