Жылқыны бірден жей алмайсың. Дәл солай нән істі бірден жасай алмаймыз. Жетістік шыңына бір қадаммен міне алмаймыз. Оны ертеңге қалдырып, ертеңгісін арғы күнге қалдырып тағысын тағы солай жалғаса береді де, ол іс жайына қалады. Сонда қалай аты бірден оны жеуге болады, не ауызға, не қарынға сыймайды. Алдымен жылқыны адал бауыздап, терісін сыпырып, талға немесе төбеге ілу керек. Содан кейін оны 12 жілікке бөліп, ішкі мүшелерін де дұрыс алып, дайындау қажет. Оны жуып қазы не бұжы жасайсың! Сосын оны пісіріп рахаттана бешбармағын жейсің, сорпасымен шөл қандырып өміріңнің рахатын сезесің.
Дәл солай нән істі бастап идея, шабыт пен білім алу керек біраз еттің артынан жүгіріп, алдастырып ыстау қажет! Істі бастау керек, сосын бауыздайсың. Жіліктерге бөліп тоңазытқышқа саласың, әйтпесе ат ертесіне арам өледі яғни еті арам болады, деп атам айтқан. Белгілі бір ұнамды, қолайлы орынды таңдап, сонда жұмыс істеуді баста. Барлық жұмысты дамудың 12 сатысына бөліп, нақты жоспар құру қажет. Себебі: тамақты ішу оңай, бірақ оны табу мен дайындау қиын!
1) Зертте және жоспарла
2) Мақсатыңды анықта
3) Мотивация
4) Дисциплина
5) Оқу және дағдыларды дамыт
6) Жұмысқа кіріс
7) Аралық бақыла
8) Процесті оңтайландыр
9) Күрделі тапсырмаларды орында
10) Әдетке айналдыр
11) Жұмысты аяқта
12) Талда және жетістікті тойла.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі