Эссе және өлең-жыр байқауы

Екінің бірі

Қодар деген сіңірі шыққан қу кедейдің маңдайында екі аты бар екен. Қыстай мініп, отын тасып, көктемге салым әбден болдырған соң, Қодар екі атын жетелеп, Мыңғырған бай Қарынбайға келеді. Қарынбай жайлауға көшкелі жатыр екен.

— Ерекше күтім керек етпес, көп жылқыңыздың ішінде жүре берсін. Шамалы семіріп қайтсын, қыс мінуге жарамай қалар, — дейді Қодар.

Қарабай әлгі екі атты жылқысына қосып алып, жайлауға көшіп кетеді. Жаздыгүні екі ат семіріп, шиыршық атып ойнай бастайды. Қарынбай  оның бірін ұстатып алады да, жылқышыларына жаздай мінгізіп қояды. Бірін күздің басында сойып алады.

Қоңыр күзде Қарынбай қыстауға көшіп келеді. Қодар аттарын алайын деп келсе, бір аты қабырғасы ырсиып, ыңыршағы шығып тұр, көктемгі қалпы, жаздағы міністен оңала алмапты.

Екінші атын Қарынбай «өліп қалды» депті.

Сонда әлгі көтерем болған атын қамшының астына алып, Қарынбайға естірте былай депті:

— Қарынбай сені бақпады ма?
Жайлау шөбі жақпады ма?
Екеу едің, бірің қайда?
Жаздай алған шырың қайда?
Өзінің мыңғырған малына тимей,
Жарлының жалғызын көрген Қарынбай ма?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Талғат

маған осындай əдиби жанрлар ұнайды

Пікір қалдырыңыз

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...