Өлең, жыр, ақындар

Технологиялар әлемін дүр сілкіндіретін Никола Тесланың 10 тамаша идеясы

Никола Тесланы кейбірі данышпан санайды, ал кейбірі айлакер дейді. Қалай болғанда да бұл адамның тамаша ойлау қабілеті мен ұшқыр қиялын жоққа шығара алмаймыз. Ол көптеген инновациялық идеяларды ұсынды. Олардың кейбірі өмірде іске асты, ал кейбірін замандастары адам өміріне қауіпті әрі ойға қонбайтын деп тапты. Назарларыңызға қияли ғалымның 10 ерекше идеясын ұсынамыз.

1. Ғарыш сәулелерін пайдалану

Тесланың түрлі қызығушылықтары арасында бос энергияны пайдалану көрініс тапты. Бос энергияны атом энергиясы немесе сәуле энергиясы сияқты орындардан алуға болады, және бұлар аз шығынмен шексіз ресурстарды қамтамасыз ете алатын еді. Дегенмен, бос энергияларды игеруді көптеген зерттеушілер өтірік ғылым деп таниды.

Тесла осы энергияны пайдалана алатын жұмыс машинасын жасап шығара алса, онда әлемдегі энергетикалық мәселелер шешілетін еді деп есептеді. Ол иондарды пайдалы энергияға алмастыратын өнертабысын тіпті патенттеп алған, алайда машина сол күйі жасалмай қалды.

2. Электродинамикалық индукция

Тесланы айнымалы тоқтың атасы деп есептейді, бірақ ол энергияны сымсыз тасымалдауға болатын әлем жайлы армандаған. Оны жасау үшін ол электрэнергияны бүкіл әлем бойынша сымсыз тасымалдайтын Тесла мұнараларынан тұратын Бүкіләлемдік сымсыз жүйе құруды ұсынған. Ол бұл идеясының іске асыруға әбден болатынын дәлелдейтін мысал көрсеткен – көрермендерге Тесла катушкасынан бір метр қашықтықта жанып тұрған шамды ұсынады.

Тесла өз арманын іске асыруды Нью-Йоркте Wardenclyffe мұнарасын салумен бастайды. Өкінішке қарай, демеуші болған JP Morgan банкі Тесланың электрэнергиясын тегін таратпақ екенін білгенде құрылысты қаржыландыруды тоқтатады. Егер Тесла өз идеясын іске асырғанда, адамдар әрдайым жаңарып отыратын қайнаркөздерден тегін және шексіз энергия ала алатын еді. Және бұның қоршаған ортаға және адамдарға еш зияны тимес еді.

3. Суық от

Тесла жуыну бөлмесінде сабын мен суды пайдаланудан біржолата бас тартқысы келген. «Суық от» деген ауытқушылықтың әсерінен адам денесі 2,5 миллион вольт айнымалы тоқ кернеуінде тұрады, сонымен бірге адам металл пластинаның үстінде тұруы керек.  Сыртынан қарағанда адам түгелдей отқа оранған сияқты көрінеді. Бұл әдіс адам терісінің өткізгіштігі арқасында жұмыс істейді, және, бұл сабын және сумен жуынғаннан әлдеқайда тиімді. Сонымен қатар, Тесла суық оттың көмегімен адам тазарып қана қоймай, сергіп қалатынын айтқан. Бұл өнертабысына да қаржы табылмай, ақыры ұмыт болды.

4. Тесласкоп

Тесланың тағы бір өнертабысы – жатғаламшарлықтармен сөйлесуге арналған құрылғысы. Ғалым осы тесласкоп арқылы жатғаламшарлықтармен сөйлескенін айтқан. Сонымен қатар тесласкопты ғарыш сәулесін энергияға айналдыра алатын «гиперкеңістік осцилляторы» ретінде пайдалануға болар еді. Бұл құрылғы энергияны қанша қашық болса да кеңістікке көп мөлшерде жеткізіп тұратын еді. Дегенмен, Теслаға сенгендер аз болды, себебі оның бұл теорясына дәлел болатын ештеңе болмады. Тесла Марста өмір бар-жоғын Жер бетіне алып шағылдырғыштар орнатып білуге болады деп есептеген.

5. Тесланың өлім сәулесі

Тесланың көптеген өнертабысы қауіпті көрінгенімен, ғалымның өзі соғысты жеккөретін және кез келген соғыстың алдын алатын «Өлім сәлуесін» жасау үшін қаншама уақыты мен күш-қуатын жұмсаған. Өлім сәулесі энергия сәулесін 400 км қашықтықтан ата алатындай жеделдеткіштен тұрған. Тесла бұл сәуленің кез келген қозғалтқышты ерітіп, кез келген ұшақты атып түсіре алатынына сенімді болған. Бұл құрылғыны жасау үшін оған $ 2 000 000 керек болған, бірақ ғалым оған ақша таба алмады. Тесла бұл идеясын JP Morgan банкіне бермек болғанда, олар да бас тартқан.

6. Ауа райын басқару

Лазерлер арқылы ауа райын басқару

Тесла жер бетінде ауа райын басқаруға болады деп сенген. Және кез келген қоршаған ортаны жеміс-жидекке құнарлы етуге болады деп есептеген. Ол үшін Жердің магниттік өрісін өзгертетін арнайы радиотолқындарды пайдалану керек деген.

Тесла ауа райын басқару өнертабыстарына көптеген патенттер алған және толқындар ауа райын басқаруға қолданыла алатынын дәлелдегендей болған. Кейбір теоретиктер Тесланың қағаздары ақыр соңында біреулердің қолына түсіп, бүгінде ауа райын басқаруға пайдаланылып жүр деп есептейді.

7. Рентген зеңбірегі

Рентгендік сәулелену мәселесі төңірегінде көптеген ғалымдар жұмыс істеген, соның ішінде Тесла да бар. Рентгеннің түпнұсқалық конструкцияларын пайдалана отырып, Тесла оның рентген сәулелерімен тәжірибелерін жалғастырды. Осы уақытта Тесла Марк Твенмен жақын достасады. Тесла бір кездері Марк Твенді ішқату ауруынан емдеп шығарған болатын. Твен мен Тесла рентген зеңбірегімен неше түрлі тәжірибе жасайтын. Бұл зеңбіректі Тесла қағаз бетін рентген сәулесінің түйінімен тесіп көру арқылы ойлап тапқан. Бірақ мұны іске асыра алған жоқ.

8. Айнымалы тоқ

1882 жылы Никола Тесла Парижге көшіп келіп, Томас Эдисонмен жұмыс істей бастайлы. Эдисон оған дейін адамзаттың электр мәселесін шешіп береді деген айнымалы тоқты ашқан болатын.

Айнымалы тоқ генераторымен бірнеше мәселе болған, және Эдисон егер Тесла осы мәселелерді шешіп, генераторды қайта жасап шықса $ 50 000 беремін деген. Тесла жобаның өз бөлігін орындап шықты да, Эдисонға осы мәселелерді шешетін бірнеше патентін берді. Алайда уәде еткен ақшасын Тесла ала алған жоқ. Нәтижесінде ол Эдисоннан кетіп қалып, өз компаниясын құрып, айнымалы тоқ деп танымал болған электрэнергиясының жаңа түрін дамытуды бастады. Оның жаңалығы үздіксіз тоқпен салыстырғанда бірнеше айқын артықшылығы болды.

Эдисон шәкіртінің айнымалы тоқ жасауға кіріскенін білгенде қатты ашуланады, және айнымалы тоқты жоққа шығару үшін барлығын жасайды. Эдисон айнымалы тоқ бірден өртеп жіберуі мүмкін және адам өліміне әкелуі мүмкін деп сендіреді. Қуанышымызға орай, оған ешкім сенбейді, және қазірде айнымалы тоқ кең қолданыста.

9. Бүткіл әлемді электрификациялау

Тесла электрэнергиясын пайдалануды қысқарту арқылы бүкіл әлемді жарықтандыруға болады деп топшылады. Ол энергия арқылы қозатын сиретілген газ люминесценциясы принципін пайдаланғысы келді. Зерттеуші ультракүлгін энергияның қатты түйінімен атмосфераның жоғарғы қабатын «атып түсіруді» жоспарлаған. Бұл атмосферадағы бөлшектердің солтүстік шұғыла сияқты бүкіл әлемді жарықтандырып тұруы керек болған.  Тесла осы әдіс арқылы Титаник сияқты қайғылы оқиғалардың алдын алуға болады деп есептеген.

10. Тесланың осцилляторы

Барлығы атмомнан тұрады, және әрбір нысанада атомдар өз жиілігінде дірілдеп тұрады. Механикалық жүйенің ауытқу жиілігі атомдар дірілінің табиғи жиілігімен сәйкес келгенде, жүйе жаңғырыққа тап болады. Бұған самал желден жаңғырыққа тап болған Такома бұғазындағы көпір мысал бола алады.

Осы тұжырымдаманы пайдалана отырып, Тесла ғимаратты қирата алатын қалта машинасын ойлап тапты. Осциллятормен тәжірибе кезінде оғаш шу басталды және машинаның айналасында найзағай ирелеңдей бастады. Кейін зертханадағылардың дерлігі машинаның айналасында ұша бастайды. Ғимарат түгелдей қирамас бұрын, Теслаға машинаны балғамен қиратуға тура келді.

Тесла машинасы «телегодинамиканы» пайдалана отырып механикалық энергияны әлемнің кез келген жеріне жібере алады деп ойлады. Сонымен қатар машина емдей алатын қасиетке ие деді (егер адам денесінің табиғи діріл жиілігін алатын болсақ).


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (4)

Жанерке

Материялды Жүктеуге бола ма?

Асқар

Ол қалай сонда, жүктеуге болады деген?

Бақдаулет

Эх, көп еңбегі қаржы мәселесімен жарық көрмепті, электрик-инженер болып кетейін ба?

Nurlybek Nurlybek

Тесла красавчик!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар