Өлең, жыр, ақындар

Индустрия және экономика

Қазақстан Президенті жастарға берген сұхбатында табысқа жету жаңа технологияларды игеруге және оларды өзіміз әзірлеуге байланысты екендігіне де тоқталған болатын. Елбасымыз өз сөзінде: «Неліктен біз индустрияландырумен айналысып жатырмыз? Бізде пайдалы қазбалар бар, бірақ оның бәрі күндердің күнінде таусылады. Мұнай мен газ есебінен өркендеген елдер бар, мысалы, Оман. Олардың мұнайы таусылды, бірақ оған дейін қамданып, басқа индустрия құрып үлгерді. Пайдалы қазбалары аз болса да гүлденген экономикасы бар Оңтүстік Корея, Швейцария, Сингапур секілді елдерді мысалға келтіруге болады. Бұл елдер білімнің есебінен дамуда. Біздің елдің жалпы ішкі өнімінің 53 пайызы қызмет көрсету саласына тиесілі. Болашақ ірі кәсіпорындарда емес, технологияларда, – деді Мемлекет басшысы.

Бұған мысал келтірер болсақ ақпарат құралдарындағы деректер бойынша АҚШ-тық Apple фирмасы басқа өнімдерін есептемегенде, бір ғана Айфон телефонын жылына орташа 250 миллион дана сатады екен. Әрбір телефоннан шамамен 500 АҚШ доллары табыс түсіретін көрінеді. Енді 250 миллионды 500-ге көбейтсеңіз алдыңызға өте, өте қомақты сома шығады. Көп шикізатты талап етпейтін көлемі шағын ғана өнімнен осыншама табыс түсіруде. Ал енді шикі заттардың көлемі мен бағасын салыстырар болсақ, мұнай 2015 жылы шамамен барелі 50-60 АҚШ доллары, газдың 1000 куб метрі шамамен 300 АҚШ доллары, бидайдың тоннасы шамамен 200-300 АҚШ доллары. Айырмашылық жер мен көктей дерлік. Біздің де әлемде аты шыққан өндірушілерге бәсекелес бола алатындай тіпті озып шығатындай технологияларға жетуіміз керек. Ғылымда, технологияда ілгерілеп отанымыздың экономикасының гүлденуіне ат салысуымыз қажет. Әрбір азаматымыз да техника, құрылыс заттары, азық-түлік секілді қажеттіліктерден сыртқы өнімдерді емес, отандық өнімдерді тұтынуының өзі де отандық кәсіпорындарға, өз елімізге қолдау болып табылады.  


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар