Кейде біз жасап жатқан амалдарымыздың да, ақ-қаралығын аңғармай жатамыз, дұрыс емес екенін біле тұра амалсыздан жасаймыз! Қатты өкінеміз, іштен жылаймыз! Бірақ жасауды доғармаймыз, пысық болам деп, артықпенен арам жеп, ақыретті ойламаймыз! Сыбайлас жемқорлық асыл елдің дамуына кедергі келтіретін, ең қауіпті дерттің бірі. Дерт белгісі көрінсе экономика әлсіреп, елдің беделін төмендетеді, сосын мемлекет пен халық арасындағы сенімді бұзады да, құрдымға апарып соғады. "Жаман айтпай, жақсы жоқ!" құрдымда не бар екені белгісіз: митинг, революция тіпті соғыс т.б! Өз басыңды ойлай бермей халықтың да қамын ойла! Оны тек беделді адамдар емес, қарапайым біз де жасаймыз, мысалы айтатын болсақ:
Сыбайлас жемқорлықпен емтиханнан өтіп, бірақ білімсіз дәрігер болсаң, сенің кесіріңнен бір отбасы мүшесі мерт болса, қалған отбасы мүшелеріне қай бетіңмен қарайсың? Немесе ауратын жас бала «Дәрігер мырза, менің өмірімді аман алып қаласыз ғой!» десе жүрек қалай шыдамақ?! Әрине уақыт өте келе ондай біліксіз маман жұмысынан айырылады, жұмысынан айырылғаны құрысын, оның кесірінен қаншама адам мерт болса...
Жауапкершілігі жоқ жол сақшысы ащы суға тойған жүргізушімен сыбайлас болып, ақшаны қалтаға тығып, тоқтатпай жібере салса, жол-көлік оқиғасы болып өзінің және басқа бір отбасы мүшелерінің өмірін ала кетеді де, келмеске қарай кетеді...
Мысал үшін, ойлап көрші: сен болашақ дәрігер болатын студенттен пара алған педагогсың. Жол сақшысының ашкөздігінің кесірінен анаң жол апатына түсті, оны емдей алмай қаралы хабар айтуға келген дәл саған пара берген, ал сен алған, бұрынғы студенттің болса не істер едің?! Ештеңе! Себебі: әу бастан кінәлі өзің едің! Қорқытқаным емес, адал жолға салғаным!
Мойындаймын мен де егінші болып жұмыс жасағанда, бір атай екеуміз қалаға бастықтың қап-қап қауындарын дүкендерге жеткіздік, бәрін тасып болғанымыз сол еді, ана шал бір қапты тығып қалып, көлікке отырғызып, сасқалақтап жай дауыспен "Ана қапты екіге бөліп алайық" деп айтты, 17 жасар мен жаман екенін білсем де келісе кеттім, 50 мыңдай шыққан қауындарын үйге апардым, іні-қарындастарымды қуанттым, анам жұмыста, әкем жоқ, ана шал да, өз бөлігін алды! Сосын әрмен көлікке отырып жұмысқа қайттым. Азын-аулақ сыбайлас жемқорлық болса да, ол бәрі-бір заңсыз! Сосын Мешіт жанынан өтіп бара жатып, азан шақырғанда, айналамның бәрі полиция мен тозақ отына сүйреген шайтандардай көрінді, бүкіл әлем жарқын еді, көліктің айнасынан қалаға тамсанатын едім, далаға қарауға бет жоқ, сосын түнімен ұйқым болмай, ертесіне бәрін бастыққа айттым, жұмыстан шықтық, ақшасын төледік, жасаған күндерімізді жемеді, адалдығым үшін 10 кг қиярды тегін берді, бірақ мен сатқын, әрі дұрыс жолдағы ұры болдым... Ол шал бұрыннан осылай басқа да егіншілермен келісіп ұрлап жүр екен. Енді ең қызығы бастықты сол күні бір нәрсе түрткендей, айлық ақша дұрыс шықпай жүргенін есептеп бір шикілікті байқап, сол дүкендермен сөйлесіп ақ-қарасын ажыратып алған кезде, ұры екенімізді сол мен айтқан таңда, полициямен шешпей тұрып маған “Арсланбек жақсы араластық, інімдей көрдім, сен намаз оқисың ғой, сеннен күтпедім!” деп лекция айтқысы келген екен, бірақ ол өзінен бұрын мен келіп бәрін мойындаған да, ақшасын берген де, бәрін кешкен екен, бірақ атайды білмедім. Әр істің бір қайыры болады, репетитор болып жұмысқа кірдім, мұғалімдікке деген махаббатым ашылып, қазір филология бөлімінде оқып жатырмын! Сондықтан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – тек мемлекет пен құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың борышы, оны өтемесек сонау Бабаларымыздан ауыр термен тіпті қызыл қанмен келген сонша жылдық тарих бір нәпсілік қалаудың кесірінен жоқ болатындығы ма? Жоқ олай болмайды, жемқорлыққа барғандар еш жауапсыз қалмайды! Ойымша оларға: қатаң бақылау салып, камерамен жүруі керек, жасырын камера болса тіпті жақсы, қанағат етіп пара алмас үшін айлығын көтеру керек. Тез байимын деп не кедей болғымыз келмегенімізден сол іске барамыз да, несібемізді арам қылғызып аламыз. Арамнан тапқан ас сіңімді болмайды, сені тозаққа сүйрейді, мейлі: сен атеист бол! Тозақ басқа мағынада… Зор болам деп, түбінде ұсталып түрмеде қор боласың, өлігіңді де жайына қалдырмайтын адамзат қасіретіне айналасың! Өзгеру ешқашан да кеш емес! Адал таңдау өзің де, дұрыс таңдау жаса! Дұрыс таңдау жасасаң адамзат мақтанышына айналасың! Өзің өлгенмен жақсы атың өлмейді.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі