Өлең, жыр, ақындар

Табиғаттың үнін таспаға түсірген тұлға – Дастан Мұхамедрахым

Цифрлық дәуірде табиғатты танудың жолы түбегейлі өзгерді. Бұрын адам көрмеген мекендерді тек хабарлардан немесе ойша елестетумен ғана шектелетін болса, бүгінде экран арқылы олардың тынысын сезінуге болады. Осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, қазақ даласының табиғи көркін бұзбай, сапалы контент арқылы халықаралық аудиторияға жеткізіп, миллиондаған қаралым жинаған дарынды тұлғалардың бірі – Дастан Мұхамедрахым.

IMG_6E6C2717F3D9-1 2.jpeg

Дастанның Instagram парақшасындағы оқырмандар саны 1,5 миллионға жуық. Оның видеоларынан көрермен тек табиғатты тамашалап қана қоймай, көрсетілген аймақтың ерекшелігін танып, оның қай жерге тиесілі екенін біледі. Дрон арқылы түсірген кадрлары асқар шыңдар мен кең жазираларды көрерменге жақындата білді. Әрбір кадр дархан табиғаттың кең көрінісін ашады: Алтайдың салқын самалы, Марсқа ұқсас Маңғыстаудың жұмбақ жоталары, Жетісудың асқар таулары – бәрі оның контенті арқылы жаңа тыныс алады.

Контенттің мәні дәл осы тұста айқын көрінеді. Қарапайым бір минуттық видео кейде ұзақ баяндама жасай алмайтын істі атқарады – көрерменді ойландырады, елге деген көзқарасты өзгертеді. Дастан Мұхамедрахым осы мүмкіндікті толық пайдаланды. Оның жұмыстары Қазақстанды картадағы бір нүкте ретінде емес, табиғи әлеуеті зор мемлекет ретінде танытады. Оның видеолары халықаралық деңгейде де бағаланған. Instagram ресми парақшасында жарияланған кейбір видеолары 60 миллионға жуық қаралым жинаған. Бұл – визуалды сапа мен мазмұнға берілген жоғары баға. Әлемдік аудитория Қазақстан табиғатын дәл осы бейнелер арқылы танып, қызығушылық білдіре бастады. Дастан Мұхамедрахымның кадрлары – үздіксіз еңбек, зерттеу және сапаға деген талаптың нәтижесі. Ол мәні бар контент арқылы елімізді әлемге танытуда. Бүгінгі цифрлық кеңістікте табиғатты сезіндіре алған осындай авторлар көрермен көзайымына айналады. Ал Дастан түсірген кадрлар – қазақ даласының үнін үнсіз-ақ әлемге естіргендей.

“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Бахытжан Айжархын


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз