Өлең, жыр, ақындар

Әл желінің әлегі

      Бүгінде барша қоғам бір смартфонға сыйып кетеді. Сонау мұхиттың ар жағында, өркениеттің бер жағында не болып жатқанын әлеуметтік желі арқылы оңай біліп отырмыз. Алты күн алыс шаһардан демде хабар алу тиімді әрине. Десе де, оның кері әсер берген тұстары қаншама.

      Әлеуметтік желіні пайдаланушылардың басым көпшілігі әлін білмей әлек болуда. ЖИ туындылары мен жаңа бағдарламаларға ілесе алмай, қиындыққа ұшырайды. Бірі жалған ақпарат таратса, бірі алаяқтардың құрбанына айналуда. Ал енді бірінде мүлдем тәуелділік пайда болған. Ғаламторға жіпсіз байланған жасөспірімдерге көмектескің-ақ келеді. Алайда заман талабы сол ма дерсің.

     Балалар алаңқайы қаңырап, кітапханалар шаң басып тұр. Ертесінде ала таңнан қара кешке дейін ойнайтын бүлдіршіндерді бүгінде босағадан аттап бастыра алмайсың. Смартфон мен әлеуметтік желі һәм әртүрлі бейнеойындар — көзге де, денсаулыққа да, әрі құнды уақытыңыз үшін де зиян болмақ.

     Ғаламтор — дұрыс қолданса пайдалы, шектен тыс қолданса зиян. Ең бастысы — уақытты тиімді пайдалану. Сонда ғана ғаламтордың шырмауынан шығатын жол табылмақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз