Ерлер басым ғылымдағы әйел дауысының айқын көрінісі-Рәбиға Сыздықова.
XXI ғасыр қоғамдағы теңдік пен тұрақтылықтың символы , ал осыдан артқа жылдар сала отырсақ ата-бабаларымыздың аса ауыр тағдыры көрініс табады. Бұл қазақ халқының жылдар бойы “қараңғылық” пен “қалың ұйқыда” болуы деп білеміз.
Кеңес дәуірінде алдыңғы қатарлы орындарды тек ер адамдар иеленіп отыратын еді. Бұл тек ел басқару, саясат мәселелері емес, ғылым,әсіресе тіл білімі мен академиялық орта. Мұндай жағдайларда әйелдердің тек білімді болуы жеткіліксіз болған.Ғылым саласындағы үнсіз революционер ретінде Сәтіғалиқызы Рабиға Сыздықованы танып білемін. Рәбиға апамыз 1924 жылғы 17 тамызда Ақтөбе облысы Ойыл ауылында дүниеге келген. Өзі сол кездегі орысша оқыған, көзі ашық адамдардың бірі-Сәтіғали Құтқожиннің қызы. Бала кезінен қазақша мектептерде сауатын ашып, білімге деген құштарлығын арттырған. “Халық жауы” деген айып тағылып, әкесі Сәтіғалиді 1937 жылы дүрбелеңде ұстап алып,отбасымен қайта қосыла алмаған.Алайда, Рәбиға Сыздықова жарқын болашағына сенім мен өмірге құштарлығын жоғалтқан жоқ….
1944 жылы Ақтөбедегі педагогикалық институттың үздігі, 1947 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінің шәкірті атанып, ғылымдағы өз рөлін айқын сезе бастаған кездер де сол еді. Кейін Абай атамыздың шығармашылық жолын зерттеп, оның тілдік ерекшеліктері мен қолданысын анықтаумен айналысты. Нәтижесінде екі томдық іргелі еңбек жазды. Ал 1968 жылы “Абай шығармаларының тілі” атты монографиясы үшін ғалым Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының иесі атанды.Сонымен қатар, Рабиға Сыздықова ұлы Абайдың ғасырлық тойы қарсаңында “Абай” энциклопедиясын шығаруға атсалысты. Абайды зерттеуге, тануға, жаңа қырынан танытуға қосқан айырықша үлесі мен елеулі еңбегі ескеріліп, 2009 жылы ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Сол дәуірде әйел бейнесін түбегейлі өзгерткен тұлғалар аз емес, және соның бірі Рабиға Сыздықова.Әсіресе, қазақ қоғамында әйел рөлі көбінесе тек отбасы шеңберімен шектеліп айтылып жатқан заманда өз күші мен табандылығынды көрсете білу- әр адам аттана бермейтін батылдық.Қазіргі жас қыздардың мүмкіндіктері көп, дәл осы бостандық пен халықтың алдындағы әйел рөлін сызып көрсеткен тұлғаларға алғысымыз шексіз !
- Конфуций
- Конфуций
- Эдвард Дж. Стиглиц
- Нельсон Мандела
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі