Ұлттық киім- халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан мәдениеті,өнері.Ұлттық киімдердің әр өрнегі мен оюында терең мағына жатыр. Ұлттық киім жас ерекшелігіне , жынысына, тұрмыс жағдайына байланысты бөлінеді.Мысалы қазақ халқында сәукеле ұзатылатын қыздың мәртебесін білдірсе,шапан сый құрметтің белгісі ретінде берілген.Сонымен қатар ою өрнек ұлттық киімдерде қолданылған.Олар сәндік , белгілі бір мағынаны білдіру үшін тігілген.Мысалы “қошқар мүйіз” өрнегі байлық пен күштің белгісі.Сонымен қатар әр түстің де өзіндік мәні болған.Мысалы,қызыл түс қуаныштың,ақ түс тазалықтың белгісі болған.Қазақ ұлттық киімдерінің де басты ерекшеліктерінің бірі осы.Тағы бір ерекшелігіне тоқталсақ, олар табиғи жолмен жасалуында.Олар көбінесе мақтадан,жүннен,жібектен,былғарыдан тігілген. Ұлттық киімдер халықтың тарихы мен мәдениеті.Олар халықтың тұрмысының және дәстүрінің белгісі.Сондықтан ұлттық киімдерді сақтау және насихаттау әрбір ұрпақтың міндеті.
- Виктор Франкл
- Фридрих Ницше
- Конфуций
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі