Ерікті (волонтер) сөзі латынның voluntarius – «өз еркімен» деген мағынаны білдіреді. Яғни ерікті – қоғамдық іс-шараларға, қайырымдылық жұмыстарға өз қалауымен қатысатын адам. Қосымша мағынасында бұл сөз өз еркімен әскерге аттанған адамды да білдірген. Қазіргі қоғамда еріктілердің орны ерекше. Олар қоршаған ортаға көмектесіп, ешқандай материалдық сыйақы талап етпейді.
Бүгінде елімізде волонтерлік қызметке қатысатын адамдар саны 200 000-нан асады. Бұл – халықтың шамамен 1–1,5 пайызы. Дамыған елдермен салыстырғанда бұл көрсеткіш төмен. Мысалы, АҚШ-та еріктілер үлесі 30 пайызға дейін жетеді. Демек, Қазақстанда бұл бағыттың даму әлеуеті жоғары.
Еріктілердің басым бөлігін жастар құрайды. 14–35 жас аралығындағы жастардың шамамен 7–10 пайызы кем дегенде бір рет волонтерлік жобаларға қатысқан. Бұл – жас буынның қоғамдық белсенділігінің белгісі.
Волонтерліктің бағыттары көп: экологиялық, әлеуметтік, медициналық және басқа да салалар. Әр бағыт белгілі бір топқа қолдау көрсетеді. Еріктіліктің жеке адам үшін де пайдасы зор. Ол жаңа орта табуға, тәжірибе жинауға, жауапкершілікті сезінуге және рухани қанағат алуға мүмкіндік береді. Мысалы, «Таза Қазақстан» акциясы аясында демалыс күндері өзен жағалауларын қоқыстан тазартуға шығатын еріктілерді айтуға болады. Бір адамның жинаған қоқысы аз көрінуі мүмкін. Алайда жүздеген адам бірігіп әрекет етсе, тұтас бір демалыс аймағын қалпына келтіруге болады. Бұл – бірлік пен ынтымақтың нақты көрінісі. Волонтер болу үшін арнайы қаражат немесе ерекше жағдай қажет емес. Ең бастысы – ниет пен қоғамға пайда тигізуге деген ұмтылыс.
“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Жұмажанова Айкүнім
-
- Виктор Франкл
- Фридрих Ницше
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі