Өлең, жыр, ақындар

Журналистика ақпарат тарату ғанама?Әлде қоғамға әсер ететін күшпен?

Қазіргі заманда ақпарат адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Біз күн сайын жаңалық оқимыз, әлеуметтік желілер арқылы түрлі мәлімет аламыз. Осындай ақпарат ағынының ортасында журналистиканың рөлі ерекше. Көпшілік журналистиканы тек жаңалық жеткізуші ретінде қабылдайды. Бірақ шын мәнінде журналистика қоғамға әсер ететін үлкен күш.

 

Журналистиканың басты міндеті халыққа шынайы әрі нақты ақпарат жеткізу. Ақпараттың дұрыстығы қоғамның дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі. Еrep ақпарат бұрмаланса немесе бір жақты көрсетілсе, қоғамда жалған пікір қалыптасуы мүмкін. Сондықтан журналист тек хабар таратушы емес, ол қоғам мен шындықтың арасындағы көпір.

 

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілердің дамуы журналистикаға жаңа талаптар қойды. Ақпарат өте жылдам тарайды, бірақ оның бәрі бірдей тексерілген немесе сенімді бола бермейді. Осындай жағдайда кәсіби журналистиканың маңызы арта түседі. Себебі журналист ақпаратты тексеріп, бірнеше дереккөзге сүйеніп, шындыққа жақын мәлімет ұсынуға міндетті.

 

Журналистика тек ақпарат жеткізумен шектелмейді. Ол қоғамдағы маңызды мәселелерді көтеріп, адамдардың назарын аударуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік теңсіздік, білім, тәрбие, жастар мәселесі сияқты тақырыптардың талқылануы қоғамның дамуына ықпал етеді. Кей жағдайда журналистік материалдар белгілі бір мәселелердің шешілуіне де әсер етеді.

 

Дегенмен журналист болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Әр сөз, әр ақпарат адамдардың көзқарасына әсер етуі мүмкін. Сондықтан журналист адалдықты, әділдікті және жауапкершілікті басты ұстаным етуі тиіс.

 

Қорытындылай келе, журналистика тек мамандық емес, қоғамға қызмет ететін маңызды сала. Ақпарат дәуірінде журналистің рөлі одан сайын күшейе түсуде. Шынайы журналистика қоғамның дұрыс бағытта дамуына ықпал ететін негізгі құралдардың бірі болып қала береді


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз