XX ғасырдың 30-жылдарында сталиндік саясаттың нәтижесінде Қазақстан аумағы жаппай қуғын-сүргін жүргізілген аймақтардың біріне айналды. Кең-байтақ далаға елдің әр түкпірінен мыңдаған адамдар жер аударып, арнайы лагерьлер жүйесі құрылды. КСРО-дағы 1930 жылы құрылған ірі лагерь жүйесі - ГУЛАГ. Бұл лагерь Кеңес өкіметі кезінде қылмыс жасаған және саяси айып тағылған адамдарды қамауда ұстап, оларды мәжбүрлі еңбекке тарту үшін құрылды. ГУЛАГ жүйесінің зардабын екінші жаһан соғысымен салыстыруға болады. Мәселен, онда 20 млн-нан астам адам мерт болса, жазалау лагерлерінде де 20 млн-ға жуық адам қамауда болған. Оның құрамынды АЛЖИР, КАРЛАГ, СТЕПЛАГ және т.б. лагерьлері болды.
Қазақстан лагерьлері арқылы КСРО республикаларынан 2 млн-ға жуық тұтқындар өтті. Орталығы Долинка ауылы болған КАРЛАГ ең үлкен лагерь болып табылады. Бір мезгілде бұл жерде 74 мың тұтқын ұсталды.КАРЛАГ-та түрлі қылмыстар үшін жазалаулар болды, тіпті ату жазасы да бар еді. Осы жерде әйгілі Ресей ғалымы, тарихшы, географ Л.Н. Гумилев те тұтқында отырған.
1937 жылы желтоқсанда ІІХК-ның КАРЛАГ Ақмола арнайы бөлімшесі ашылды. 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалы әйелдердің алғашқы легі Кеңестер Одағының қалаларынан Ақмола лагеріне 1938 жылдың қаңтарында әкелінді. Лагерьге «оңшыл-троцкистшіл, шпиондық-диверсиялық ұйым мүшелері, отанын сатқандар» т.б. саяси себеппен куғын-сүргінге ұшыраған «халық жауларының» әйелдері қамалды. Лагерь қазіргі Астана қаласының Малиновка елді мекенінде орналасқан. АЛЖИР лагері 30 мың га жерді алып жатыр. Бұл жерде КСРО мемлекет және қоғам қайраткерлерінің әйелдері, шешелері, кыздары тұтқында болды. Лагерьде С. Сейфуллин, Т. Жүргенов, С. Қожановтың әйелдері және Т. Рысқұловтың отбасы азап шекті.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Жомарт Жаннұр
- Айсұлтан Сейітов
- Бернард Шоу
- Марк Твен
- Белгісіз
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі