Бар екен, жоқ екен. Ерте заманда бір Алдар көсе деген қу болған екен. Оның кәсібі әркімді алдау болған екен. Ей, ата, мен алдасам, Болса да жын-шайтан арбасам. Жұрт істейтін кәсіп көп, Алдауды мен кәсіп қылсам, – деп сурап атасынан бата алған екен. Күндерде бір күн сол Алдар көсе шайтанмен бірге бір ұзақ сапарға шығыпты. Ай жүріпті, жыл жүріпті. Бір кезде екеуі де шаршапты. Сонан сод Алдар көсе айтыпты:
— Бұлай екеуіміз бірдей жаяу жүрмейік, бірімізге біріміз кезек мініп жүрелік депті. Шайтан мұны қостайды:
— Мұның ақыл-ақ екен. Солай істелік. Бірақ жол қайсымыздікі, қайсымыз бұрын мінеміз, әуелі соған келісіп алайық дейік: Сонда Алдар көсе айтады.
— Біздің қазақ халқында жасы үлкенге жол беретін әдет бар. Жас сұрасайық, кімнің жасы үлкен болса, әуелгі кезек сонікі болсын. Сен кашан туған едің дейді. Шайтан сәл ойланып тұрады да: Мен дүниеге келген күні Аспанға көзім түсіп еді, Артық-кем емес білемін: Жер — алақандай көлемі, Бір-ақ қана бел еді, — дейді. Осы кезде Алдар көсе өкіріп қоя береді. Шайтан аң-таң болады: Мұның не? Әуелгі кезек тимейтін болды деп қамығуың ба? — деп сұрайды. Алдар көсе оңай бетер өкіреді. Әрі-беріден соң «ой баурымдап» басын жерге салып жылайды. Не болды, айтшы? — деп, жалынады шайтан. Сонда Алдар көсе кемсеңдеп:
— Сен туған уақытыңды айтқанда менің есіме ескі қайғым түсті: Дәл сен туғанда Үлкен бір той болып ед, Атқа шауып жүргенде Кенже балам өліп ед деп, тағы да өкіріп қоя береді. Шайтан оны, көңіл айтып, жұбатады. Дау, жоқ, әуелгі кезек сенікі. Мін мойныма, жүрейік дейді. Деуі-ақ мұң екен. Алдар көсе шайтанның желкесіне секіріп мінеді. Сонда шайтан:
— Сен қанша уақыт мінесің? — деп сұрайды. Алдар көсе:
— Мен өлең айтып отырам. Сол өлеіңім таусылғанша мінем дейді. Сөйтеді де: «әләуләйләй-әләу- ләйләй» деп, өлең бастайды. Осылай көп уақыт жүреді. Шайтан әбден шаршайды. Бір кезде: .
— Осы сенің әләуләйләйің қашан таусылады? — деп сұрайды. Оған.
— Әләуләйләйім әлі таусылған жоқ. Ол таусылса, «әриәдәйім» тағы бар, — деп, жауап береді Алдар көсе. Алдардың әләуләйләйі таусылмайды. Шайтан арып-талып өлімші болады. Сонан кейін ол Алдардан құтылудың амалын ойлайды. Сөйтіп, бір жерде түнеп отырғанда.
— Алдар осы сен неден қорқасың? — дейді. Алдар:
— Мен қазы, қарта мен қымыздан қорқам, – дейді. Алдар ұйықтап жатқанда шайтан барып, бір жерден қазы, қарта, қымыз тауып әкеліп, Алдардың қасына қояды. Оянғанда соны қөріп, қорқып, қашып кетер деп ойлайды. Таңертең Алдар көсе әзірлеп, койған тамақты, қымызды ішіп-жеп, тойып алып, шайтанның мойнына мініп, тағы да әләуләйләйін айтып, жол тартады. Осы әләуләйләйі мен әриәйдәйді айтып, Алдар көсе шайтанды бір жыл мініп жүреді.
Балаларға арналған ең мәнді әрі қызықты ертегілер
- Нарша Булгакбаев
- Марғұлан Сейсембай
- Әлкей Марғұлан
- Әлкей Марғұлан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі