Ертегінің мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына.
Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп-төркіні – алғашқы қауымда туған көне мифтер, аңшылық әңгімелер, хикаялар, әр түрлі ырымдар мен аңыздар. Өзінің қалыптасу барысында ертегі осы жанрлардың көптеген белгілерін бойына сіңірген. Бұл жанрлардың кейбірі өз бітімін мүлде жоғалтып, толық ертегіге айналған.
Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді:
1) жануарлар туралы ертегілер;
2) қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер;
3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер;
4) тұрмыс-салт ертегілері.
Сюжеттері тек қазақтың өзіне тән ертегілермен қатар, басқа елдермен ортақ сюжетке құрылған ертегілер де бар. Олардың көбі тарихи-типологиялық жағдайда пайда болған, біразы тарихи-генетик., яғни туыс халықтарға ортақ болып табылады, кейбірі тарихи-мәдени байланыс нәтижесінде қазақ жұртына тараған. Сол себепті қазақ ертегілерінде таза ұлттық та, халықар. та, көшпелі сюжеттер де қатар өмір сүрген.
Негізгі кейіпкер мен мазмұны және қияли әдістердің қаншалықты пайдаланылуына қарай бұл салалардың әр қайсысы тағы бірнеше топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде: хикая, өсиет, мысқыл, батырлық туралы ертегілер болады.
Түлкі мен қораз (Парсы ертегісі)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Аида
Керемет
Аида
қалдырыңыз
Аида
Пікір
Ерғали
Бұл мақала — ертегілердің тарихы мен жанрлық маңызы туралы өте қызықты әрі пайдалы мәлімет беретін тамаша ресурс. Қазақ және дүниежүзілік әдебиетте ертегілердің тәрбиелік, көркем‑эстетикалық мәні түсінікті әрі терең түрде ұсынылған.
Түсініктеме:
Мақалада ертегілердің пайда болуы, олардың сюжеттік құрылымы мен жанрлар атаулары (мысалы, жануарлар туралы, батырлық, қиял‑ғажайып ертегілер) нақты мысалдармен көрсетілген — бұл оқырманға ертегі жанрын толық түсінуге көмектеседі.
Маңыздылығы:
Осындай материалдар балаларға ғана емес, әдебиетті сүйетін ересектерге де қиялды дамытуға, ой өрісін кеңейтуге, тіл байлығын арттыруға зор ықпал етеді. Ертегілер — ұлттық мәдениет пен рухани тәлімнің маңызды бөлігі.
Қорытынды:
Жалпы, бұл мақала — ертегілер туралы негізгі түсінік, олардың тарихы мен мәнін білуге ынталану үшін тамаша бағыт. Мұндай материалдар әдебиетті тереңірек танып, балалар мен оқырмандарға қиял‑ойды дамытуға керемет мүмкіндік береді.