Арман мен мақсат айырмашылығы - Абдулла Аружан

Арман мен мақсаттың айырмашылығы.
Адам өмірінде арман мен мақсат үлкен рөл атқарады.Көбінесе біз бұл ұғымды бірдей деп қабылдаймыз,дегенмен олардың мәні мен мағынасы әртүрлі.Арман-адамның ішіндегі,жүрегіндегі қиял,ал мақсат-арманға жетудің нақты жолы.

Арман-шексіз.Ол адамды алға қарай жетелейді,үміт береді.Әр адам бала кезінен көп нәрселерді армандайды:біреу мұғалім болғысы келеді,ал біреуі ұшқыш болғысы келеді.Бірақ арман тек ой деңгейінде қалып қоюы әбден мүмкін.Сол үшін әр адам арманына берік болып,оны орындауға әрекет ету керек.

Ал мақсат-жоспарланған,нақты дүние.Мақсат қою дегеніміз-арманды жүзеге асыру үшін қадам жасау.Мысалы «мұғалім болғым келеді» деген арман болса, мақсат-ұбт-ны жақсы тапсырып,Абай университетіне түсу.Яғни,мақсатта нақты жоспар,уақыт және әрекет бар.


Арман мен мақсат бір бірімен тығыз байланысты.Арман адамға бағыт бағдар береді,ал мақсат сол бағытқа қарай баратын жолды көрсетеді.Армансыз мақсат-құр жоспар.Мақсатсыз арман-бос қиял.

Қорытындылай келе,арман мен мақсаттың мән мағынасы екі түрлі болсада,бір бірімен өте тығыз.Адам тек қана армандап қоймай,арманына мақсат қойып оған әрекет жасауы қажет.Сонда ғана армандаған қиялдары шындыққа айналады.


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)