Анау – Жайық өзені,
Анау жатқан – Атырау.
Бәрі сенің өз жерің,
Өз суларың, батыр-ау.
Туған жердің тынысын
Ұққын орман нуынан.
Алтынды Алтай – шығысың,
Қыран ұшқан шыңынан.
Оңтүстігің – Алатау,
Биіктерін қар басқан.
Алатауда ақ отау,
Алматыға жалғасқан.
Жерің түгел бақша-бау,
Соны сүйіп өс, ұлым.
Бір жағыңда – Ұлытау,
Өр жағыңда – Есілің.
Жер қабылдап таң нұрын,
Береді елге байлығын.
Осы жердің барлығы –
Қазақ жері, ай-күнім.
13.07.2025 17:19
13.07.2025 17:11
10.07.2025 00:08
06.07.2025 15:59
11.03.2025 12:03
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі