Ең ежелгі шай императордың қабірінен табылған

Басты бет / Тарих / Ең ежелгі шай императордың қабірінен табылған

Ең ежелгі шай императордың қабірінен табылған — Тарих бөліміндегі материал.

Материал — ежелгі шай, қытай династиясы, тарихи зерттеулер — осы тақырыптарға байланысты.

Қытайдың Хань династиясының алтыншы императорының қабірінен табылған шайды әлемдегі ең ежелгі шай деп санауға болады. Жапырақтарының жасы шамамен 2150 жылды құрайды.

Бұл жаңалықты б.з.д. 156-141 жылдары өмір сүрген Цзин-ди императорының қабірін зерттеу барысында Қытай ғылым академиясының ғалымдары ашқан. Қытай тарихында ол дербес елді басқарып отырған князьдердің құқығын шектеу арқылы орталық билікті нығайтқан мықты қолбасшы ретінде есте қалған. Оған қоса Цзин-ди салықтарды қысқартып, қылмыстық істерге тағылатын айыптарды жеңілдеткен. Хань династиясының алтыншы императорының жолы саяси шытырмандар мен сатқындыққа толы болғанымен – ол билік жүргізген жылдар қытай тарихының алтын кезеңі болып саналады.

Аңызға айналған императордың қабірі 1990 жылдары Шэньси провинциясының Янлин өңірінде табылды, алайда ғалымдар қабірді әлі күнге дейін зерттеп жатыр. Қабірде табылған органикалық заттардың қалдықтарынан жасалған анализдер онда жоғары сұрыпты шай жапырақтарының болғанын анықтады. Бұған дейін әлемнің ешбір қабірінде шай табылмаған.

Сүйікті сусынымен қатар, император о дүниеге тары мен саумалдықтың дәндерін ала кеткен. Бұдан өзге, қабір кешені көптеген түрлі заттардан тұрды: шынайы мөлшердегі екі аяқты күйме арба мен сарбазардың кішкентай сұлбаларына дейін. Олардың кейбірі қазір музейге қойылды. 



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ең ежелгі шай императордың қабірінен табылған деген не?

Бұл бетте Ең ежелгі шай императордың қабірінен табылған тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Тарих бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Ең ежелгі шай императордың қабірінен табылған материалы Тарих бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Тарих бөліміндегі басқа материалдар ежелгі шай тақырыбындағы материалдар қытай династиясы тақырыбындағы материалдар тарихи зерттеулер тақырыбындағы материалдар kz2015 жариялаған басқа материалдар