Антонин Пий

Басты бет / Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер / Тарих / Антонин Пий

Антонин Пий — Тарих бөліміндегі материал.

Материал — Антонин Пий, Рим, Фаустина, Император — осы тақырыптарға байланысты.

Антонин Пий - 138-161 жылдары Рим империясын билеген он бесінші император. Толық есімі - Тит Аврелий Фульв Бойоний Аррий Антонин Пий. Римнің оңтүстік шығысындағы Ланувиум қаласында 86 жылы дүниеге келген.

Мансап жолында үлкен жетістіктерге жетіп, Азияның консулы, проконсулы қызметтерін атқарды. 135 жылы Адриан атты император ұлы ретінде оны асырап алды. Адриан қайтыс болған соң Антонин таққа отырды.

Антониннің әйелі - Анниа Галериа Фаустина өте көрікті, ақылдылығымен, парасаттылығымен әйгілі болған әйел еді. Олар өте бақытты өмір сүрді.

Антониннің денесі император Адриан жатқан кесенеге қойылған. Кейінірек Римнің Марс алаңында Фаустина мен Антониннің құрметіне арнап триумф мұнарасы тұрғызылды.

Антонин ғибадатханалар, театрлар мен кесенелер тұрғызды. Ғылым мен өнерді барынша қолдап, шешендік өнер мен философия оқытушыларына қашанда марапаттаулар мен қаржылай сыйақылар тағайындап отырды.

Антонин - Рим империясы тарихындағы елді бейбіт түрде басқарған бірден-бір император. Ол билік еткен тұста империя барынша гүлдеп, адамдар жайбарақат, бейбіт өмір сүрді. Оның елді билеудегі ең басты ұстанымы әділдік, бақыт, Отанға деген адалдық болатын.

Антонин Фаустинаға арнап ғибадатхана тұрғызды. Оның есімімен қайырымдылық қорының негізін қалап, кедей, жетім жандарға қолұшын берді.

Антонин Пий 161 жылы наурыз айында қайтыс болды. Мұрагері ретінде қызы таққа отырды.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Нұлан

Қызық мәлімет

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Антонин Пий деген не?

Бұл бетте Антонин Пий тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Тарих бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Антонин Пий материалы Тарих бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Тарих бөліміндегі басқа материалдар Антонин Пий тақырыбындағы материалдар Рим тақырыбындағы материалдар Фаустина тақырыбындағы материалдар Император тақырыбындағы материалдар рим империясы тақырыбындағы материалдар Рим империясы тарихы тақырыбындағы материалдар