1. Барри Маршалл
1984 жылы австралиялық дәрігер Helicobacter pylori бактериясының дақылы асқазан жарасын тудыратынын дәлелдеу үшін оны ішіп қояды. Маршалл асқазан жарасының барлық белгілеріне ие болады. Сонымен қатар медицина мен физиология саласындағы Нобель жүлдесін де алады.
2. Вернер Форсман
1929 жылы неміс дәрігері Вернер Форсман өз жүрегіне катетер салады. Осылайша ол басқа дәрігерлер адам өлтіретін әдіс деп санап жүрген тәсілді тәжірибеден өткізеді. Бірнеше жылдан кейін ол медицина мен физиология саласындағы Нобель жүлдесіне ие болады.
3. Стаббинс Фирс
1804 жылы медик Сиаббинс Фирс сары безгек – инфекциялық ауру емес екендігін дәлелдемек болып, өз пациенттерінің құсығын ішеді. Сонымен қатар оны қолдың сырылған жерлеріне жағып, көзіне тамызған.
4. Тур Хейердал
1947 жылы бес саяхатшыдан тұратын топпен бальстық сал арқылы Тынық мұхитына саяхат жасайды. Мақсаты – ежелгі адамдар да осылай істей алғанын дәлелдеу болған. Зерттеушілер 101 күнде 8000 км-ді бағындырған.
5. Тихо Браге
1559 жылы дат астрономы қатысқан математикалық тақырыптағы пікірталастың арты ұрысқа айналады. Соңында Браге қарсыласын дуэльге шақырады. Ғалым фехтованияға математикадағы сияқты шебер емес еді – қарсыласы мұрнының ұшін кесіп алады.
6. Август Бир
1898 жылы неміс хирургы тұңғыш рет пациентті медикаментозбен ұйықтатуды қажет етпейтін анестезия техникасының дамыған түрін пайдаланды. Ол жұлынды қоршап тұратын торлы қабық астылық кеңістікке кокаин енгізу, сезімталдықты хирургиялық ота жасауға болатындай төмендетеді деп болжайды. Осы әсерді тәжірибеден өткізу үшін Бир өзіне бірнеше қатал тәсілдерді қолданады, оның ішінде асықты жілігін металл балғамен ұру, шылыммен күйдіру және атабезге әсер ету.
7. Генри Хэд
Генри Хэд жүйкенің қалай жұмыс істейтінін білу үшін өз жүйкесін кеседі. 1903 пен 1907 жылдар аралығында ол өз қолында ұзақ уақыт 167 тәжірибе жүргізген. Бұл жұмыс Хэдке батыр атағы мен Нобель жүлдесін әкелді.
8. Джордж Стрэттон
1897 жылы америкалық психолог сегіз күн бойы суреттерді ауыстырып отыратын көзілдірік киіп жүрген. Ол осылайша мидың бұған қалай бейімделетінін бейімделетінін тексермек болған. Төңкерілген, оң мен солы ауысқан әлемдегі төрт күннен кейін Стрэттон өзін жайсыз сезіне бастайды, ол абдырап, әлемнен алшақтай бастайды. Алайда бесінші күннен бастап миы ақырындап соған үйрене бастайды, осылайша тәжірибенің соңында ғалым «төңкерілген» кеңістікте өзін еркін сезінеді. Көзілдірігін шешкенде, біраз уақытқа дейін оң мен солды айыра алмай жүреді, әлем оған төңкеріліп кеткен сияқты көрінеді. Алайда біраз уақыттан кейін бас ауруы артта қалады, Стрэттон ғылыми қауымдастыққа өзгерген жағдайдың итермелеуінен біздің сезімдеріміз «төңкерілген» әлемді өмір сүретіндей етіп бейімделе бастайды дәлелдейді.
9. Элси Виддоусон
Екінші Дүниежүзілік соғыс басталғанда, Ұлыбританияның бейбіт тұрғындары бірнеше тілім нан алатын. Алайда бұл оларға жетіспейтін. Адамның минималды қажеттілігін қамтуға қанша мөлшерде тағам керегін анықтау үшін, химик әрі диетолог Элси Виддоусон әскери уақытқа қажетті минималды рационды жасап шығару үшін ашығуға бекінеді.
10. Кевин Уорик
Ең алдымен британ ғалым-кибернетигі компьютермен байланыс орнату үшін, жарықты қосып-сөндіру үшін, электронды қамалдарды ашып-жабу үшін терісінің астына RFID-чип салады. 2002 жылы Уорик нағыз киборгке айналады. Оған бұл үшін күрделі электроника, хирургтың көмегі мен ержүректілік қажет болады: өз жүйке жүйесін нейрондық интерфейспен біріктіруге әркім бара бермейді. Осы арқылы Уорик өз эмоциясын екінші киборг – әйеліне жеткізбек болған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі