Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
Қызыл-төбе елді мекені,
№2 орта мектебінің
5 «б» сыныбының оқушысы
Айтпамбет Жақсыгүл
Технология пәнінің мұғалімі: Утегенова Жибек Жаналиевна
Кестелеу-қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрі. Қолмен кестелеп, өрнек салу-өте көне заманнан қолданылып келеді. Кестелеп, өрнек салу-мата бетіне әшекейлеп безендіру. Кестелеуге әр түрлі маталар және әр түрлі жіптер пайдаланылады. Кесте тігудің негізгі құралы-кергіштер. Матаны керіп ұстайды және оны зақымданудан сақтайды. Кергіштерде бірінің ішіне біріктіретін екі дөңгелектен болады. Оны ағаштан, пластмасссадан, резеңкеден және металдан дайындайды. Инелер-мата қалыңдығымен жіптің жуандығына қарап таңдалады. Қайшылар оралған жіпті қию үшін қайтқы қайшылар, оралған жіпті қию және жіпті тегістеу үшін орташа қайшы қолданады. Мата қалыңдау болғаны дұрыс, бірақ тігісті тартып, иненің өтуін қиындатпауы керек, мата өте жұмсақ болса да тіккен кесте бедері әдемі көрінбей қалады. Кенеп матаның құрылымы қандай мөлшердегі болсын иненің өтуіне оңай, иненің қалдырған ашық іздері басқа маталарға қарағанда кейін тез жабылып кетеді.
Айқас тігіс тігілетін кестелерге канва ыңғайлы. Канвалар жіптердің санына, тығыздығына қарай әр түрлі нөмірлі болады. Нөмір санының өсуіне қарай канваның көздері кішірейе береді. Кестені бізбен және жәй инемен жиектеп тігу барлық халықтард да ортақ өнер. Қазақ халқының кесте түрлерінің көне түрлері: біз кесте, айқас кесте, басып тігу, қойып тігу.
Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекелеп безендірген. Сол сияқты қазақ халқының қолөнерінің өмірге келуі халықтың көшпелі өміріне байланысты. Атадан баласына, анасынан қызына мирас болып келе жатқан сәндік өнерінің өзі ұлттық мәдениетінің дамуына ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі