Луиджи Гальвани (1737–1798) – көрнекті ғалым, ол анатомиямен және физиологиямен айналысқан. Гальвани электр қуаты туралы зерттеудің негізін салушылардың бірі. Луиджи Гальвани, сонымен қатар, бұлшықет түзілісіндегі электрика құбылысы пайда болатынына (бұл әсер, нақты айтқанда, құбылыс, «тірі электрқуат» деп аталған) бірінші болып көңіл аударған адам ретінде белгілі.
Гальвани жергілікті универитетке оқуға түседі де, оны бітірген соң 1759 жылы өзінің ғылыми диссертациясын әзірлей бастады. Өзінің ғылыми жұмысын жазуға Луиджи Гальвани бірқатар жылдар жұмсайды. 1762 ж. «Сүйектер туралы» деп аталатын диссертациясын Гальвани ойдағыдай қорғайды. Гальванидің жетістігі зор болғандығы соншалық, ол бірден университеттегі өзі бітіргеніне көп уақыт өте қоймаған, анатомия кафедрасының басшысы қызметіне тағайындалады.
Луиджи Гальвани ғылыми жұмыстарымен қатар тәжірибежүзінде де: хирургиямен және акушерлік іспен де айналысты. 12 жылдан кейін, яғни 1774 жылы, Гальвани бақаға тәжірибе жасай отырып, «тірі электрқуатын» ашады. Луиджи Гальвани бұл құбылысқа физиолог ретінде қызығушылық тудырды. Оны өлі препараттың өзін тірі материал ретінде көрсете алу мүмкіндігі қызықтырды. Ол бақаның денесінде металл өткізгіштің орналасуын өзгертті, тоқ көзі мен басқа да көптеген параметрлерді өзгертті.
Осындай тәжірибе жүргізе отырып, Луиджи Гальвани тоқ көзі ретінде табиғи электр қуатын пайдаланғысы келді, алайда ол күні аспан ашық болды да, аспанда бір шөкім де бұлт болған жоқ. Ғалым бақаның жұлынына енгізіп қойған электродтарды бақа жатқан темір торға байқамай тигізіп басып кетеді. Гальвани тура найзағай ойнаған кезде жасаған тәжірибе кезіндегідей жиырылу пайда болғанын көргенде, өте қатты таңданады.
Бұлшықеттер сыртқы тоқ көзі болмаған кезде де жиырылатынын анықтағанда, Луиджи Гальвани одан да көбірек таңырқады. Өткізгішпен жалғасқан әртүрлі екі металл тіліктерін бұлшық еттерге жай ғана салған кезде де, олар жиырылады екен.
Физиолог Луиджи Гальванидің осы тәжірибелеріне басқа атақты ғалым – физик Алессандро Вольта қызығады. Вольта электр Гальвани қолданған әр түрлі екі металл тіліктерінде бар деген болжам айтады. Және де осы тіліктерді бір-біріне өткізнішпен жалғаған кезде электр пайда болады. Осылайша, физик Алессандро Вольта физиолог Луиджи Гальванидің ғылыми дауда қарсы сөйлеушісіне айналды.
Екі ғалымның арасындағы ең үлкен дау осылай басталды. Алессандро Вольта электр көзі – бұл металлдар дегенді айтса, екіншісі тоқ көзі – бұл жануар дегеннен қайтпады. Екі ғалым да өз теорияларын дәлелдеуге тәжірибелер жүргізді. Луиджи Гальваниге, өзінің көзқарасы тұрғысынан бұлтартпайтындай дәлелдер тапқандай көрінді, ол екі элементтен тұрады:
1) электр металлдар қатысуынсыз да пайда болатынын дәлелдеді;
2) Бақаның табанындағы жүйкесінен тері қабатын алып, Луиджи Гальвани оны бұлшық еттерге тигізді. Бұлшық ет жиырыла бастады.
Алайда, Алессандро Вольтаның, көңілі жайланбады және кері шегінбеді. Ол да өз көзқарасының дұрыстығын дәлелдейтін өте және тым сенімді дәлелдер келтірді.
Гальвани да, Вольта да бұл дауда екеуінің бірінікі ғана дұрыс деп санаса да, біраз уақыт өткеннен кейін екі көзқарастың да өмірде болуына құқығы бар екендігі анықталды.
Алессандро Вольтаның ғылымның дамуына қосқан маңызды үлесі тұрақты тоқтың жаңа көзін табуы болды. 1800 жылы Алессандро Вольта вольт бағанасы деп аталатын бағананы жасады. Бұл электрдің алғашқы химиялық көзі болатын. Алессандро Вольтаның есімі, оның құрметіне электрдің кернеуінің өлшем бірлігі ретінде (Вольт), мәңгі есте қалды. Вольта өзінің еңбегінің мойындалуына ХІХ ғасырда қол жеткізді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі