Головкин Геннадий — қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта өнер көрсетеді. Орта салмақтағы әлем чемпионы (IBO тұжырымы, 2010 - қ.у; WBA тұжырымы, 2011 - қ.у; уақытша WBC, 2014 - қ.у IBF тұжырымы, 2015-қ.у). The Ring журналына сәйкес P4P салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылардың үштігіне кіреді. 2013 жылдың соңында WBA тұжырымы бойынша, орта салмақ дәрежесіндегі қазақстандық суперчемпион Геннадий Головкин беделді американдық USA Today басылымының нұсқасы бойынша, «Жыл боксшысы» атанған болатын.
Қазіргі уақытта, қазақ елінің біртуар, қайталанбас тұлғасы, белгілі спортшы Геннадий Головкинді білмейтін жан кемде-кем шығар. Кезінде әуесқой бокста Қазақстан намысын әлем және олимпиада ойындарында абыройлы қорғай білген боксшы- қазіргі таңда еліміздің атын кәсіпқой деңгейде бүкіл әлемге танытып жүр десек, артық айтқандық емес. Кәсіпқой бокста 34 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіс туын тіккен GGG-атақты Майк Тайсонның нокаут жөнінен рекордтық көрсеткішін жаңалады. Бұл дегеніңіз, соңғы 21 кездесудің барлығын нокаутпен аяқтады деген сөз. Ал, сонау 1992 жылы Ислам дінін қабылдаған Майк Тайсонда бұл көрсеткіш- тек 18 нокаут қана. Америкалықтың аса ауыр салмақта өнер көрсеткенін ескерсек, бұл жетістіктің теңдессіз екеніне көзіңіз жете түседі. Себебі, ауыр салмақтағы боксшылар, орта салмаққа қарағанда, салмағына байланысты жиі нокаутқа ұшырайды.
Десе де, соңғы уақыттары біздің боксшыға лайықты қарсылас табу қиынның қиынына айналып жүр. Негізінде, кәсіпқой бокста баршаның көз тігетін 4 негізгі белдік бар. Бұлар танымал -WBA(World Boxing Association) , WBC(World Boxing Council), WBO(World Boxing Organization ) және IBF(International Boxing Federation) ұйымдарының белдіктері. Осы төртеуін біріктірген боксшылар- некен саяқ. Қазақстандық чемпионның нағыз танымал толыққанды чемпионға айналуы үшін, аталмыш белдіктерді бағындыруын заман талап етіп отыр. Біздің ойымызша, Головкиннің алға қойған мақсаты - осыған кеп саяды. Қазіргі кезде, Гена - WBA мен IBF тұжырымдары бойынша негізгі чемпион. Демек, жолдың жартысы жүріліп өтті деген сөз. Қалған 2 белдікті иелену қиын еместей көрiнген. Алайда, қызықтың бәрі осы жерден басталады. WBO тұжырымы бойынша, чемпиондық атақты иелену мүмкіндігі 2-3 ай бұрын берілгендей болатын. Осы тұжырым бойынша, бұрынғы чемпион Энди Ли Генамен кездесуге ерекше құлшыныс танытқан еді. Дегенмен , мұның алдында ирландық боксшы өз отандасы Билли Джо Сондерспен жұдырықтасып, күтпеген жерден жеңіліс тапты. Көптеген бокс мамандарының пікірінше, егер осы кездесуде Энди Ли жеңгенде, Геннадий Головкинмен қолғап түйістіруі шешілген мәселе болатын. Ендігі кезек, су жаңа чемпион Джо Сондерспен келіссөз жүргізу үшін Гена мен оның командасы арнайы Англияға ат басын бұрды. Қазақ чемпионының танымалдылығын Вест Хэм қаласындағы стадионда өткен футбол матчында ағылшын жанкүйерлерінің қалай қарсы алғанынан байқауға болады. Өкінішке орай, келіссөздер нәтижесіз болды. Шетелдік баспасөздің мәліметіне сүйенсек , Сондерс үлкен сомада ақша талап еткен көрінеді. Атап айтқанда, бақандай 6 млн доллар. Тіпті, Головкиннің командасы ұсынған 4 млн-ді місе тұтпапты. Қысқаша айтқанда, ирландтық боксшы қазақтың жойқын күшіне төтеп бере алмасын біліп, кездесуден үзілді кесілді бас тартты. Келесі кезекте , WBC тұжырымы бойынша толыққанды чемпиондық атақты иелену тұрды. Еске сала кетейік, бұл тұжырым бойынша, GGG уақытша чемпиондық атақты ұзақ уақыт бойы өзінде сақтап келе жатыр. Абсолюттік чемпион болу үшін, мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасу ниетін Геннадий ешқашан жасырған емес. Тіпті, бұл үшін Альварестің намысын жыртып жүрген Golden Boy компаниясымен келісімге келгендей болды. Атап айтқанда, Альварес пен Головкин өзара кездесудің алдында ерікті түрде бір-бір кездесуден өткізуі тиіс еді. Атақты Оскар де ла Хойяның өзі қыркүйек айында Сауль төбелеске толық дайын болады деп сендірді. Дегенмен, бұл уәденің іске асатынына сенім аз. Себебі, қазіргі кәсіпқой бокста ақша мен саясат алғашқы орынға шығып кетті деген пікірлер жиі айтылып жүр. Мұнымен толықтай келісуге болады.
Шындығында, қазіргі таңда, Головкинмен жұдырықтасуға жүрегі даулайтын ерлер кемде-кем. Жойқын соққылар астына түсіп қалуға қорқатын батыр-сымақтар , кездесуді барынша кейінге шегеру үшін, әртүрлі қитұрқы сылтаулармен қашып құтылуда. Головкиннің жасы 34 - те екенін ескерсек, жыл өткен сайын белсенділіктің азайып, жас келген сайын күш-қуаттың сарқылатыны жасырын емес. Сондықтан, уақытты барынша тиімді пайдаланып, ұлы чемпиондар қатарына қосылу үшін Головкинге 3 жолдың бірін таңдауына тура келеді.
1 жол.
1 орта салмаққа түсіп, атақты Флойд Мейвезермен шайқасу. Мейвезер - америкалық боксшы, табысы жөнінен әлемнің нөмірі бірінші спортшысы. Бұл боксшымен жұдырықтасу - әр боксшының арманы. Головкин бірнеше рет тек Мейвезермен кездесу үшін, бір салмақ төмен түсетінін жариялаған болатын. Сондықтан, барлығына қол сілтеп, Флойд Мейвезермен келісімге келудің жолын іздеу керек. Аз күн бұрын, америкалықтың аса үлкен гонорар үшін боксқа қайта оралуы мүмкін екендігін жеткізгенін ескерсек, темірді қызған кезде соғудың реті келген сияқты.
2 жол.
Суперорта салмаққа көтеріліп, бәсекеге түсу. Головкинді сынға алушылардың негізгі бөлігі-оның осы уақытқа дейін нағыз мықты қарсыласпен жолықпағанын айтады.Егер , бір салмақ жоғары көтерілсе, “сен тұр мен атайын“ дейтін ерлер жетіп артылады. Бұлардың кейбіреулері-ағылшын Дигейл мен Карл Фроч, неміс Артур Абрахам, мексикалық Чавес, польшалық Фанфара және т.б Нағыз атақ пен танымалдылықтың тек мықтылармен жұдырықтасу арқылы келетіні белгілі. Сондықтан, көзді жұмып, жоғары қарай салмағын ауырлатуы бек мүмкін. Нағыз чемпиондық атаққа қол жеткізу үшін, Америка атты құрлықтың тұрғындарын мойындату керек.
3 жол.
Командасын ауыстыру. Жасыратыны жоқ, Головкиннің промоутері Том Лефлер жаман менеджер емес. Былайша айтқанда, ортақол. Ал, нағыз чемпионға эл Хеймон, Боб Арум сияқты абыройлы промоутер қажет. Осы уақытқа дейін, нағыз чемпиондық кездесу ұйымдастыру қиыннан қиыстыратын маман үшін ауыр іс емес.
Қазіргі таңда, Геннадий Головкин балшыққа батып, шыға алмай тұрған сәйгүлікті елестетеді. Жақында 23 сәуірге белгіленген америкалық Доминик Уэйдпен кездесуі осының айқын дәлелі. Уэйд секілді ортанқол атлеттер әлемде жетіп артылады. Басқаша айтқанда, Головкиннің тырнағына татымайтын қарсылас. Бұл кездесуді қыран мен қарғаның айқасына балауға болады. Америкалық боксшы - үйдің айналасынан шыға алмай, тек осал қарсыластармен қолғап түйістіріп жүрген үйкүшік спортшы. 18 кездесудің көбін әлсіз боксшылармен өткізіп, басым бөлігін төрешілердің шешімі арқылы ұтқан. Бұл сияқты қарсыласпен жұдырықтасу міндетті емес. Сондықтан, нағыз таңдау жасаудың уақыты келген сияқты.
Авторы: Ерболат Өстемір
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Мархабат
Дұрыс, Головкинді мықтылармен шағару керек
Аслан
Маған бірінші жол ұнап тұр: 1 орта салмаққа түсіп, атақты Флойд Мейвезермен шайқасу. Қатып кетер еді)
GGG
4-ші жол бар!
Спорттан шығып, саяси өмірге араласыу. Мысалы депутат болып, жақсы бастама!?)
erbo_85
Геннадий Головкинi шеттету бар шетелде, орыстар айтпақшы, күшігiм төбелессе де, оның жеңгенiн қалаймыннын кебi ғойМарат
Альвареспен шығуды күту керек
amirlan
Суперорта дәрежесіне көтерілуі керек