Өлең, жыр, ақындар

Қазақстан 2022-2023 жылдары үш тілді білім беру жүйесіне толығымен көшеді - ҚР БҒМ

Қазақстан 2022-2023 жылдары үш тілді білім беру жүйесіне толығымен көшеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева мәлім етті.

«2018-2019 жылдардан бастап, Қазақстан тарихы алтыншы сыныптан тек қазақ тілінде оқытылады деген жоспар бар. Ол орыс тілді мектеп пе, қазақ тілді мектеп пе, маңызды емес. Ал Дүниежүзі тарихы пәні қазақ тілді мектепте де, орыс тілді мектепте де тек орыс тілінде өтеді. 2019-2020 оқу жылында 10-11 сыныптар информатика, химия, биология пәндерін тек ағылшын тілінде оқиды. Бесінші сыныптан бастап оқушылар терминологияны оқи бастайды. Үш тілді білім беру жүйесіне толығымен 2022-2023 жылдары көшеміз деп межелеп отырмыз», - деп атап өтті Ж.Жонтаева.

Айта кетейік, үш тілді оқыту жүйесі 33 мектепте тәжірибе ретінде енгізілген болатын. Қазақстанда үш тілді оқыту осы мектептердің үлгісінде құрылады деп жоспарланған. Жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқыту бойынша жұмыстар 2017-2023 жылдары жүзеге асырылады. 

inform.kz


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

роза

баланың миын ашытып мәңгүрт қылатын болдындар ғой.атағы шыққан аға-апалардың қайсысы осылай оқыды екен.сонда қазіргі химия биология пәні мұғалімдері не істейд."бояушы "бояушы"дегенге сақалын бояпты"болды ғой.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар