Арминий Вамбери — венгр түркітанушысы, этнограф, саяхатшы. 20-дан астам Еуропа және шығыс тілдерін меңгерген. Вамбери 1863 ж. мұсылман қажы кейпінде Ираннан Орталық Азияға саяхат жасады. Бұл сапары туралы жазған еңбектерінде (“Орталық Азияға саяхат”, 1865; “Ежелгі заманнан бүгінге дейінгі Бұхара немесе Транссаксония тарихы”, 1873, т.б.) Вамбери 19 ғ-дың 60-жылдарындағы Орталық Азия халықтарының тұрмысы, мәдениеті, тарихы, экономикасы, сол өңірдің география жағдайы жөнінде құнды мәліметтер берген. Вамберидің шағатай, ұйғыр тілдері, түрік-татар және финн-угор лексикографиясы жайында жазған шығармаларының ғылыми құндылығы жоғары бағаланады.
Венгриялық Арминий Вамбери, Решит Мырза деген жалған атпен Османлы мемлекетінің паспортын алады. Иранда, қажылықтан елдеріне қайтып бара жатқан Түркістандық (Орта Азиялық) бір топқа қосылады. Өте қиын бір жылдық сапардан кейін еліне қайтып, Орта Азия халықтарынан алған әсерін жазады.
Арминий Вамбери
Төменде А. Вамберидің Орталық Азиядағы саяхатынан жазғандары:
Түркі халықтарының қонақжайлылығы
Вамбери түркі халықтарының қонақжайлылығы жайында былай дейді: «Әлемде түріктердей(бүкіл түркі халықтар) қонақжай, қонақ күтуді жақсы көретін халық жоқ. Әсіресе түріктердің негізгі отаны болған Орталық Азияда бұл қонақжайлылықты қалам және тілмен түсіндіру мүмкін емес. Түріктер дүниенің қай жерінде болса да, қандай жағдайда болса да, дүниенің ең қонақжай халқы.»
Вамбери саяхат барысында түркі тайпаларының, қажыларды үйлеріне қонаққа шақыру үшін бір-бірімен таласқандарын, тіпті қан төгілуге де баратындықтан, жеребе суыру әдісімен қонақтарды киіз үйлерге орналастырып, жанжалдың тоқтатылғанын айтады. Вамбери бұлардың үйінде бір жылға дейін қонақ болып қалуға болатынын айтып, ал европалықтардың қонақжай емес екенін, француздардың «Қонақ және балық үш күннен кейін у болады» деген мақалымен түсіндіреді.
Әйелдердің пәктігі
Вамбери Түркістанда(Орталық Азия) әйелдердің арлы, намысты екенін білдіріп, әйелдер жайлы да мыналарды айтып өтті: «Әйелдер көшеге шыққанда бастарын жауып, жағалы, ұзын киім киетін. Маңызды отбасылардан болған әйелдер, базар және сауда-саттық сияқты адам көп жүретін жерлерге ешқашан шықпайды. Үйінен шығуға мәжбүр болған кезде кедей немесе кәрі әйелдер сияқты киініп шығатын. Тіпті 18-20 жасар қыздар да өзін танытпау үшін жақсылап жабынып, кәрілер сияқты аса таяққа сүйеніп қалтырап та жүретін.»
Ақсақалдар
Вамбери Түрік тайпаларында ақсақал деп аталатын тәжірибелі, қарт кісілер барын, олардың тайпадағы әртүрлі проблемаларды шешетінін түсіндіріп былай дейді: «Түрік тайпаларында адам өлтіру, қан төгү, өш алу деген жағдайлар болмайды. Ондай жағдайлар басқа тайпалармен болады. Мұндай жағдайларда екі жақтың ақсақалдары жиналып түсініспеушілікті шешеді, қабылданған шешімге барлығы мойынсұнуға мәжбүр болады.»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Ғалым
Бұл шпион болған ба? Шығыстанушылардың көбі шпион болған деп естіп едім...
Ғалымға
Иә Ғалым есімін өзгертудің өзі бір кілтипаны бар екенін білдірсе керек
Қаһарман
Баяғы заманның Агент 007 сі