ҚР Президенті архиві «Мұрағат жəне қоғам: Тəуелсіздік құндылықтары» шарасы аясында 1930 жылғы ашаршылық құрбандарының мəліметтер базасын жасамақ. Бұл туралы «Ашаршылық» жобасының тұжырымдамасын талқылау барысында белгілі болды.
Кездесуге тарихшылар: Талас Омарбеков, Қайдар Алдажұманов, Светлана Смағұлова, Бейбіт Қойшыбаев, Айжамал Құдайбергенова, жазушы Смағұл Елубаев қатысты.
Шараның ашылуында сөз сөйлеген ҚР Президенті архивінің директоры Борис Жапаров Қазақстанның тарихын зерттеуде ашаршылық құрбандарының базасын құру басты жұмыс екендігін атап өтті.
Жобаны ұйымдастырушылар бұл жұмысты ғалымдар мен тарихшылардың, мұрағатшылардың көмегінсіз жүзеге асыру мүмкін еместігін айтты.
«90 жылдары академик Манаш Қозыбаевтың бастамасымен бұл бағытта ұшан-теңіз жұмыс атқарылды. Конференция, дөңгелек үстелдер, ғылыми зерттеу жұмыстары жасалды. Мұрағат бастамасы қоғам арасында үлкен қолдау туғызары сөзсіз. Өйткені, бұл трагедия барлық қазақты шарпыды. Ғылым саласы да бұған жұмыла атсалысуы керек»,- деді Бейбіт Қойшыбаев.
Өз кезегінде жазушы Смағұл Елубаев ашаршылық құрбандарының саны да нақты еместігін айтты. Оның айтуынша, бұл тарихи ақтаңдақтарды қалпына келтіру үшін тек зерттеумен ғана айналыспай, ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнату керек.
Айжамал Құдайбергенованың пайымдауынша, ортақ мəліметтер базасы қазақ халқы тарихының зерттелмей қалған ақтаңдақтарын қайта жаңғыртуға септігін тигізбек. Ол үшін тек мемлекеттік емес, жергілікті аудандық мұрағаттарда сақталған құжаттарды зерттеуді де қолға алу керек.
Отырысқа қатысушылар «Ашаршылық» жобасын жүзеге асыру үшін арнайы жұмыс тобын құруды ұйғарды. Оған тарихшылар мен мұрағат қызметкерлері енбек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі