Өлең, жыр, ақындар

Жақында е-коммерцияға арналған банк карталары іске қосылмақ

Жуырда «Қазпошта» АҚ-ның бастамасымен электрондық саудаға арналған Visa және MasterCard карталары айналымға шығарылады. Бұл өз кезегінде әлемдік қаржылық қызметтерді тұтынуға жағдай жасайды, - деп хабарлады «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сарсенов өзінің Facebook парақшасында.

«Жақында біз Visa мен MasterCard халықаралық төлем жүйелері бойынша халықаралық сертификаттауды аяқтадық. Бұл бізге жаһандық транзакциялар мен қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта тұрғындарға сапалы қызмет көрсету үшін бұл бағыттағы жұмыстарымызды жалғастыра беретін боламыз», – деді С. Сарсенов.

Ал әлемдік пошта одағы еліміздің электрондық коммерцияға дайындығын жоғары деңгейде деп бағалады. Бұған пошта желісіндегі цифрлық технологиялардың кеңінен қолданылуы ықпал етсе керек.

«Біз бүкіләлемдік пошта одағының (БПО) өкілдерімен кездестік. Олар Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі пошта операторларына көмектеседі. Яғни, «Электрондық саудаға жедел дайындық» жобасы үшін модернизациялық өндірістік процестерді жүзеге асыру мақсатында жәрдемдеспек. Қазіргі таңда бюро қызметкерлері Қазпоштаның е-коммерцияға дайындығына баға  берді. Олар біздегі жөнелтім супермаркеті, цифрлық кеңселерімізді және дрондар арқылы корреспонденциялау атты жобаларымызды жоғары бағалады», – дейді  «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы.

Оның айтуынша, Алматыдағы «MOSKVA metropolitan» атты сауда-ойын-сауық орталығында электронды кассир жұмыс істеуде. Мұның қызметімен карталарды пайдалануға, ірі көлемдегі қаржыларды аударуға болады.

Айта кетейік, Қазақстандағы е-коммерция жыл сайын 30 пайызға артып келеді. Онлайн-сауда арқылы ел тұрғындары көбіне денсаулыққа қажетті тауарларды, тұрмыстық жиһаздарды, техника мен электрониканы, балаларға арналған ойыншықтарды сатып алады екен.  Бір қызығы – әйелдер қауымы ерлерге қарағанда 8 есеге артық онлайн-сауда жасайды екен. Ал әлемдік зерттеушілер болса еліміздегі тұтынушылардың 70 пайызы мобильдік құрылғылардан кіретінін алға тартып отыр. Ал бұл көрсеткіш Украинада – 43 пайыз, Белорусияда – 35 процентті құрайды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар