Еліміздің азаматтары «Қазпошта» АҚ-ның Vpost.kz қызметі арқылы АҚШ-тың тауарларына берілген бірінші тапсырыстарына 15% жеңілдікпен жеткізу мүмкіндігін алды.
Vpost.kz қызметінің ерекшелігі – бұл Орегон штатында орналасқан, американдық сауда салығы салынбайтын қойма. Ол арқылы тұтынушылар тауар бағасының 10% үнемдей алады. «Қазпоштаның» бұл қызметі арқылы сәлемдемелерді сақтандыру және трек нөмері арқылы қадағалау мүмкіндігі ұсынылады.
Сатып алынатын тауарлардың 34%-ы киім мен аяқ киім, 25% ұсақ техника, 11% косметика, 10% үйдің жабдықтары және т.б. Ал тауарларға ең көп тапсырыс беретіндер 25 пен 35 жас арасындағы азаматтар.
Статистика бойынша АҚШ тауарларына белсенді тапсырыс берушілердің қатарына Астана мен Алматы қаласының тұрғындары кіреді. Олардың жинақы үлесі 64%-ды құрайды. Үшінші орында Атырау қаласының тұрғындары – 13%.
Жөнелтілімдер АҚШ-тан әр жұма сайын жіберіліп, Қазақстанға 3-6 жұмыс күннің ішінде жетеді. Сіздің сәлемдемеңіз жіберілген уақыттан бастап, «Қазпошта» оның орналасуы туралы ақпаратты беріп отырады.
Vpost.kz қызметі арқылы Қазақстанға тауарларын жеткізбейтін 350 мың АҚШ-тың интернет-дүкендерінен тауарларды сатып алуға мүмкіндік бар. Қазіргі кезде жіберілген сәлемдемелердің саны 4млн-нан асты.
Тауардың жеткізілуі бойынша толық ақпаратты vpost.kz сайтынан біле аласыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі