Эссе және өлең-жыр байқауы

Ұлы Жібек жолының 5 ірі қаласы

Адамзат тарихында сауда жолдары тек тауарлар алмасуда ғана емес, сонымен қатар әлемнің әртүрлі бөліктері арасында идеялар алмасуда да үлкен рөл атқарды. Өркениеттер мен мәдениеттерді, діндер мен тілдерді байланыстыратын Ұлы Жібек жолы бұған айқын мысал бола алады.

Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан қалалар сол кезеңде ерекше гүлденді. Сауда оларға технология, ғылым және ауылшаруашылығында жетістікке жеткен қаражат әкелді.

1. Сиань (Чанъань)

Сиань — Қытайдағы үлкен және ежелгі қала. Бұрын ол Чанъань ретінде белгілі болған. Сиань ұзақ уақыт Империяның астанасы болған. Дәл осы жерден Ұлы Жібек жолы басталып, көптеген саудагерлер осы жерден Оңтүстік-Шығыс Азияға, Орта Азияға және Жерорта теңізіне ағылды.

Чанъань Тан әулетінің (618-904 жж.) кезінде өркендеу шыңына жетті және дәл осы кезеңде ол әлемдегі ең өркениетті қалалардың бірі болды.

Шын мәнінде, сауда Чанъанның батыс нарығында жүргізілді. Батыс нарығы Жібек жолының саудасында маңызды рөл атқарды, Азия мен Еуропаның сатып алушылары мен сатушыларын түйістірді. Бұл сауданың басты қайраткерлері Согдиананың көпестері еді, олар Жібек жолы бойымен тауарлар тасымалдайтын.

Чанъань мешіті

Центральными фигурами этой торговли были купцы из Согдианы, которые и возили товары по Шелковому пути.

Подробнее: https://islam-today.ru/istoria/5-krupnejsih-gorodov-velikogo-selkovogo-puti/

Чанъань — ұлттар мен діндер кездесетін орталық болған еді. Қала көшелерінде буддизм, даосизм, зороастризм, манихейизм, несториан діні және ислам дінін ұстанушыларды кездестіруге болатын еді.

Ислам дінін ұстанушылар үшін басты ғибадатхана 742 жылы тұрғызылған Чанъань мешіті болды. Мешіттің өзі Батыс базарының жанында орналасқан.

2. Самарқанд

Самарқанд — Орталық Азияның інжу-маржаны, Ұлы Жібек жолының маңызды қаласы, Қытай мен Жерорта теңізі арасында тиімді орналасқан.

Бірнеше ғасырлар бойы Самарқанд ірі сауда қаласы ғана емес, сонымен қатар қолөнер мен ғылым орталығы ретінде де танымал болды.

Шежірелерге сүйенсек, Самарқандтың саудагерлері Қытайға біздің дәуірімізге дейінгі 206 жылдан бастап шамамен 500 жыл бойы қатынас құрған. Самарқандық саудагерлер қымбат металдармен, дәмдеуіштермен және киім-кешектермен сауда жасаған. Кейінірек, Әмір Темірдің басқару дәуірінде қала оның империясының астанасына айналып өркендеу шыңына жетті. Самарқанд тарихындағы ең жарқын кезең Әмір Темір мен Ұлықбектің билігімен байланысты.

Позднее, в эпоху правления Тамерлана, город пережил свой расцвет, став столицей его империи.

Подробнее: https://islam-today.ru/istoria/5-krupnejsih-gorodov-velikogo-selkovogo-puti/

Әмір Темір Самарқандта дүкендер орналасатын көше салуды бұйырды. Әмір Темірдің ойы, Самарқандқа саудагерлерді тартып экономиканың дамуына үлес қосу және Самарқандты әлемдік сауда орталығына айналдыру болды.

Әмір Темірдің немересі Ұлықбек Самарқандты ғылыми және мәдени тұрғыдан дамытты. Ол айналасына ғалымдарды жинады, олармен ұзақ уақыт ғылым мен техниканың әртүрлі мәселелерін талқылайтын. 1424 жылы ол Самарқандта сол кездегі әлемдегі ең үлкен обсерваторияны салды.

3. Алеппо

Алеппо Жерорта теңізінің шығыс жағалауы мен Евфрат аңғарының арасында тиімді жерде орналасқан. Бұл территория біздің дәуірімізге дейін 2 мыңжылдықтан бастап маңызды сауда торабы ретінде белгілі болатын. Бұл Алеппоны Жібек жолындағы маңызды қалалардың біріне айналдырды.

Алеппо — әлемдегі ең көне қалалардың бірі және ғасырлар бойы ол сауда және өнеркәсіптік орталық болды.

Қамал, үлкен мешіт және базар — Алеппоның сауда және ғылыми ұлылығының дәлелі. Қамалдан бүкіл қаланың таңғажайып көрінісімен қоса VIII ғасырда Омейядтар әулетінің халифтері салған мешіт те көрінеді. 

Алеппо қамалы

Алеппо базарының ұзындығы 13 шақырымға созылған. Ғасырлар бойы ол экономикалық және әлеуметтік өмірдің орталығы болды. Базардың әр бөлігі белгілі бір сауда саласын анықтайтын атаумен аталды: жүн базары, мыс базары, тоқымашылар базары, дәмдеуіштер базары және сол сияқты.

Базарда сатушылар мен саяхатшылар үшін моншалар мен керуен-сарайлар болған.

4. Мосул

Жібек жолындағы тағы бір маңызды қала — қазіргі Ирактың солтүстігінде орналасқан Мосул қаласы.

Х ғасырдағы әйгілі мұсылман географы Әл-Мукаддаси Мосулды өз аймағының орталығы деп сипаттаған. Ол Мосул туралы былай деп жазды: «Бұл әсем сәулеті бар керемет қала. Қаланың климаты жұмсақ және ауыз суы таза. Көптеген базарлар мен қонақ үйлер бар. Мұнда білімді және көрнекті тұлғалар тұрады».

Мосул Аббаситтер әулетінің билігі кезінде Ұлы Жібек жолындағы негізгі сауда орталығы болды. Сол кезден бастап технологиялар, өнер және қолөнер қарқынды дамыды. Муслин деп аталатын жұқа мата осы қаланың атын алған.

5. Мерв

Мерв — Орталық Азиядағы бұрын маңызды болған оазис-қала. Қазіргі кезде ол Түрікменстандағы Мары қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан археологиялық қазындылар аймағы ретінде белгілі.

Ныне известен как область археологических раскопок, расположен в 30 километрах от современного города Мары, что в Туркменистане.

Подробнее: https://islam-today.ru/istoria/5-krupnejsih-gorodov-velikogo-selkovogo-puti/

Исламның алғашқы кезеңінде Мерв Хорасан провинциясының астанасы ретінде белгілі болған, ал XII ғасырда ол әлемдегі ең ірі қалалардың бірі болған.

Аббасидтер билік еткен кезде Мерв Араб халифатының шығыс провинцияларының астанасы болып қала берді. Мервтің ең үлкен өркендеуі VIII-XIII ғасырларда болды.

XI ғасырда қала көптеген базарлары, қолөнершілері, зергерлері, тоқымашылары, мыс сатушылары мен қыш ыдыстарының шеберлері бар ірі сауда орталығына айналды. Мерв көптеген мешіттер, медреселер, сарайлар мен басқа да ғимараттар орналасқан әкімшілік және діни орталық болды.

Мервте тоқыма өнеркәсібі белсенді дамып жатты. Мұнда жібек пен мақта молынан өндірілді. Мервтен әр түрлі елдерге шикізат пен дайын өнімдерді экспорттау жолына қойылды.

Керімсал Жұбатқанов тарих ғылымдарының кандидаты

Оқуға кеңес береміз:

Ұлы Жібек жолы: Шөлдегі құдықтарда қалайша әрдайым су болған?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...