Өлең, жыр, ақындар

Ұлы Жібек жолындағы мәдени артефактілер

Ұлы «Жібек Жолы» — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасырда ұсынған. Ұлы Жібек жолы-адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырғын көпір болғын.Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында VI ғасырдан бастап, екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып,Шығыс Түркістан Қашғар арқылы Жетісуға, содна Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен

Жол б.з.б II ғасырда пайда болды. Оның жалпы ұзындығы 7 мың километрге жуық. Керуенмен Жерорта теңізінен Ұлы Қытай қабырғасындағы үш жылда жетуге болатын еді. Жолда алуан түрлі тауарлар сатылды. Бірақ солардың ішіндегі ең бастысы жібек мата болатын. Батыс елдерде жібекке сұраныс өте жоғары болды, сондықтан сауда жолына соның аты берілді. Алыс елдердің билеушілеріне елшілерімен бірге жібек жіберілді. Одақтар құрғанда, бейбіт келісім жасағанда жібек сыйға берілетін болган. (Орта ғасырларда Қытай өндірісі ісі құпия сақталды. Соған қарамастан Жапония мен Оңтүстік Кавказда жібек өндіру жолға қойылды. Соғдианада жібек өндірісінің дамыған соншалықты, ол жібек сатуда Қытаймен бәсекелес болды.

«Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 км асады.

Ерте кездегі «Жібек жолы» Шинжәңнан 3 айрыққа бөлінген, Тянь-Шань тауының солтүстігіндегі ежелден бар дала жолы: Жемсары, Іле өңірін басып, Балқаш өңіріне барады, онан ары батыс солтүстікке жүргенде Қара теңіздің шығыс жағалауына жетеді. Оңтүстік айрығы Крораннан (Лулан) шығып Күнлүн тауының батысын қапталдап Жаркентке барады, онан ары жүргенде адырлардан асып, Орта Азияға, Батыс Азияға, Еуропаға дейін созылады. Кроранның батыс солтүстігіндегі Көншы өзенінің батысын бойлап, Иіңпанды, Күшарды басып Қашқар Жаңашар ауданына баратын жол солтүстік айрығы саналады, бұл жол да адырлардан асып, Еуропаға дейін барады.

Кейін тағы 3 айрық жол пайда болды:Юймынның батыс солтүстігінен басталып, қазіргі Құмыл, Тұрпан, Жемсары сияқты жерлерді басып, бұрынғы дала жолына тұтасатын жол, бұл кейінірек «солтүстік жол» деп аталды. Тұрпаннан шығып, Тянь-Шань тауының оңтүстігін қапталдап, батысқа беттеп, Қарашәр, Күшәрді басып, бұрынғы солтүстік жол айрығымен тұтасатын жол кейінгі кездері «Орта жол» деп аталды. «Оңтүстік жол» бұрынғысымен ұқсас.

7 ғасыр кейін, теңіз қатынас-тасымалы дамығандықтан, «Жібек жолы» біртіндеп екінші орынға түсті, бірақ 13 ғасырға дейін шығыс пен батыс қатынасының маңызды жолы болып келді. 19 ғасыр басында, Иcпанияның елшісі Қытайдың 800 түйелік сауда керуенін өз көзімен көріп тұрып Самарқанның жағдайы туралы былай деп жазады:

Төңіректің төрт бұрышынан келген тауарлар Самарқанға жиналыпты… Қытайдың торғын-торқалары көз жауын алады.

Мәдениеттердің өзара қарым қатынасы

Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы шаруашылық, мәдени және саяси байланыс

Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыс мәселесі тарих ғылымында әр түрлі пікірлер туғызып отыр. Біраз зерттеушілер көшпелілер мен отырықшылар қарым-қатынасын олардың арасындағы қырғи қабақ қақтығыстар, соғыстар, жаулап алу әрекеттерімен байланыстырады. Бұл ретте көшпелілер белсенді рөл атқарды деп есептейді. Енді бір топ зерттеушілер бұл қарым-қатынастағы көшпелілердің орнын төмендетіп көрсетуге тарысады. «Көшпелілер отырықшылардың мәдени жетістіктерін қиратушылар, не болмаса өздеріне қабылдап алушылар болды» деген пікірлер де жиі кездеседі.

Көшпелі және отырықшы жұрттардың арасындағы қатынас әр заманда, әр түрлі аймақта әрқалай болды. Олардың карым-қатынасында қақтығыс, соғыстармен қатар бейбіт сабақтастық, шаруашылық, сауда, мәдени өзара әсерлер аз болған жоқ. Мал өнімдеріне мамандандырылған көшпелі экономика егіншілік өнімдерін, қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттарын, қолөнерге қажетті шикізаттарды көшпелілерден алып отырды. Мұндай сауда, айырбас қатынастары, әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер көршілес орналасқан шекаралық, аймақтарда пәрменді түрде іске асып отырды.

Ерте орта ғасырлар заманында көшпелілер отырықшылармен тек қана соғысып қойған жоқ, сонымен қатар өзара тығыз бейбіт байланыста болды. Көшпелілер отырықшы елдер шеберлеріне өздеріне қажетті құрал-сайман, жабдықтарға тапсырыс жасаумен қатар оларды кажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отырды. Сонымен бірге көшпелілер отырықшылардан түрлі қолөнер түрін үйренді. Қала-дала байланыстары.

Қазақстан аумағында исламды таратушылар арабтар емес, Орталық Азияның қалалық мәдениет орталықтарынан шыққан саманидтер болды. Араб мәдениетімен бірге араб жазуы, араб сәулет өнері, қыштан жасалған бұйымдары, эпиграфикасы келді. Мұсылмандық түркі қоғамының интеллектуалдық өміріне біршама өзгеріс әкелді. Арабтық, мұсылмандық мәдениетті меңгерген ғалымдар тобы қалыптасты: әл-Фараби (X ғ.), Жүсіп Баласағұни (XI ғ.), Махмуд Қашқари (XI ғ.), әл-Хорезми (XIV ғ.), т.б. Қазақстанда мұсылман дінін таратушы топтар пайда болды. Олар: хатибтар, мутаввалдар, молдалар, имамдар, т.б.

Ұлы Жібек жолы қазіргі таңда

Қазіргі таңда Қытай «Жібек жолы» стратегиясын сырт көзден жақсы бүркемелеуде. Қытай компартиясының жетекшілерінің айтуынша, «Жібек жолы» стратегиясы XXI ғасырда Орта Азия мен оңтүстік Азия елдерін экономикалық, мәдени, әлеуметтік жағынан ынтымақтастырады дейді, бірақ біз Қытайдың бұл жылы сөздеріне сенбеуіміз керек, 1,5 милиард халқы бар көршіміздің іс-әрекеттерін алдын ала болжамасақ, ертеңгі күніміз қиын болады. Бұл алаңдаушылығымыздың тамыры тереңде жатыр, тарихқа үңілсек, 1407-1433 жылдары Адмирал Чжен ежелгі Қытайдың Жібек жолын тиімді пайдаланып, кейбір көрші мемлекеттерге билігін бейбіт жүргізсе, кейбір мемлекеттің билік басшыларын әскери күш қолдану арқылы өлтіріп отырған. Қазіргі таңда Қытай «Жібек жолы» жобасын тікелей өз қара басының пайдасына жарата отырып, Азия елдерінің геосаяси картасын қайта құрмақ...

Әл-фараби атындағы Қазақ ҰлттықУниверситеті
Философия және Саясаттану факультеті
2 курс студенті
Досжан Алтынай Қанатжанқызы
Практика жетекшісі: Есболова Молдир Ауелтаевна


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз