Өлең, жыр, ақындар

Қазпошта 1 жылда 100 франчайзинг нүктесін ашты

Пошта операторы 2018 жылдың басында «Қазпошта қызметтерін үшінші тұлғалар арқылы көрсету үшін франчайзинг моделін енгізу» жобасын бастаған болатын. Жобаның басты мақсаты – пошта қызметтерін халыққа  қолжетімді ету.

«Бүгінгі күні Қазақстанның барлық қалаларында Қазпоштаның 100 франчайзер-серіктестері жұмысын атқарады», – деп хабарлады Қазпоштаның баспасөз қызметі.

«Біз франчайзер-серіктестерімізге дайын бағдарламаны ұсынамыз, қызметкерлерін үйретіп, ұйымдастырушылық және маркетингтік,  сондай-ақ көліктік-логистикалық сүйемелдеу жұмыстарын көрсетеміз. Мұндай серіктестіктің арқасында шағын және орта бизнестер табыс табуда, ал Қазпошта өз желісін кеңейтуде», – дейді «Қазпоштаның» коммерциялық департаментінің директоры Замира Жұмағұл.

Енді пошта бөлімшелеріне бармай-ақ сәлемдемелерді алуға немесе жіберуге, әуе және терміржол билеттерін сатып алуға, коммуналдық төлемдерді және салықтарды төлеуге болады. Кәсіпкерлер дүкендерінде, жанар-жағармай құю станцияларында және басқа да жерлерде Қазпоштаның қызметтерін көрсетіп, сонымен қатар өз тауарларын сата алады.

Анықтама үшін айта кетсек, франчайзинг – белгілі бір компания келісімшарттық қатынас арқылы белгілі бір адамға, компанияға немесе ұйымға өзінің атауын, оның беделін, өнімдері мен қызметтерін, маркетингтік технологияларды, сараптаманы және қолдау механизмдерін пайдалану құқығын беретін бизнес-ұйым үлгісі.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Жомарт

франчайзи Нақты қандай қызмет атқару ға болады. Тізімін жіберіңіздер

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар