Өлең, жыр, ақындар

Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша күзгі, қысқы және көктемгі демалыс күндері қысқартылмайды - ҚР БҒМ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі оқушылардың бес күндік оқу аптасына көшуіне және жазғы демалыс күндерінің қысқартылуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметі.

Ведомоствоның атап өтуінше, ғаламтор желісінде жұртшылық оқушылардың бес күндік оқу аптасына көшуіне және жазғы демалыс күндерінің қысқартылуына байланысты алаңдаулы.

«Қазақстанда бірінші сынып оқушылары 33 апта оқиды. 2016 жылы жаңартылған білім беру бағдарламасына көшкен кезде, оқушылар аптасына 5 күн оқитын болады. Жаңартылған бағдарлама оқу жылының тек 5 күнге ұзартылуын талап етеді, демек 1 маусымға дейін. Алайда, босатылған сенбі күндерінің нәтижесінде демалыс 33 күнді құрайтын болады.

Егер оқу бағдарламасын өзгертпесек, оқу аптасын азайтқанда оқушыларға маусымның соңына дейін оқуға тура келуші еді. Біздің ойымызша, 5 күндік оқу аптасына көшудің және жаңартылған білім беру бағдарламасының артықшылықтары даусыз.

2017 жылдан бастап, 2019 жылға дейін барлық деңгейлер 5 күндік оқу аптасына көшеді. Жаңартылған бағдарламаны енгізерде 34 апталық оқу жылы орта және жоғарғы сыныптар үшін тек 10 оқу күніне созылады. Сонымен бірге, оқушыларға оқу жылында 34 демалыс (сенбі) күндері беріледі.

Жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес күзгі, қысқы және көктемгі демалыс күндері қысқартылмайды»,-делінген Білім және ғылым министрлігінің мәлімдемесінде.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

малик

сурет пен еңбек біріктірлсе екінші пән мұғалімі жұмыссыз қалама ?

малик

сурет

малик

сурет пенеңбек біріктірлеме

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар