ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев елімізде алғаш рет өтіп жатқан «Жарқын болашақ» тіл және мәдениет фестивалінің қатысушыларына құттықтау жолдады. Құттықтауды бүгін фестивальдің ашылу рәсімі барысында Білім және ғылым вице-министрі Элмира Суханбердиева оқып берді.
«Жарқын болашақ» тіл және мәдениет фестивалінің қатысушылары! Баршаңызды Қазақстанда тұңғыш рет өткізіліп отырған «Жарқын болашақ» тіл және мәдениет фестивалінің ашылу рәсімімен шын жүректен құттықтаймын! «Жарқын болашақ» тіл және мәдениет фестивалі - мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және оны дамыту, ерекше дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін көрсету, әлемнің әр түпкірінен жиналған жастардың достығы мен бауырластығын өркендету мақсатында өткізіліп отырған бірегей іс-шара. Әлем болашақ өміріміздің жарқын болуын қалайтын, соған бар күш-жігерін салатын жалынды жастардың қолында. Қазақстанда өткізіліп отырған тіл мен мәдениет саласындағы бастамамызға өз өнерлеріңіз арқылы үлес қосқандарыңыз үшін алғысымыз шексіз. Барша қатысушыларға зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін. Өнерлеріңіз шыңдалып, шығармашылық табыстарыңыз молай берсін!»- делінген құттықтауда.
Айта кетерлігі, фестивальге Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 25 елдің өрендері қатысуда.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі