Өлең, жыр, ақындар

Аңырақай шайқасы

XVIII ғасырда қазақ халқы жоңғарлармен кескілескен соғыс жүргізеді. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасынан кейін хандар жауға тойтарыс берудің жалғыз жолы бірігу екенін түсінген еді.

Аңырақай шайқасы 1729 жылы жазда мамыр-маусым айларында өткен. Шайқас солтүстігінде Балқаш көлі, оңтүстігінде Отар даласы, батысында Шу аңғары, шығысында Күртіге дейінгі аралықта болған.

Аңырақай шайқасына екі жақтан бірнеше мыңдаған жауынгерлер қатысады. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Шапырашты Наурызбай батырлар, ақын Ақтамберді мен Үмбетей жыраулар секілді тұлғалар туған жері үшін бір ту астына жиналады. Үш жүздің біріккен әскеріне Әбілқайыр қолбасшылық етеді.

Бұл шайқас қазақтарға оңайға түскен жоқ. Себебі, мықты әрі шыныққан жоңғарларды жауыздығымен, қолбасшылық дарынымен танымал қонтайшы Қалден Серен бастап кірген еді. Дегенмен, қиян-кескі ұрыста қазақтар оларды біржолата талқандайды. Жоңғарлар кері шегінуге мәжбүр болады.

Аңырақай шайқасындағы жеңіс – қазақ-жоңғар соғысындағы шешуші оқиға. Ол қазақ жерін азат етудің бастамасы болды. Жалпы қазақтардың жауға қарсы бірігуі олардың күшті қарсыласын жеңуіне жол ашты.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (22)

Асылхан

Неліктен әскер саны туралы факттар жоқ

ерасыл

жақсы өте

БАГЛАН

РАХМЕТ

Диляра

Көп рахмет

Адина

Керемет жазылған

толунай

Оте кушты жазылган

Гүлнара

Өте жақсы керемет жазылған

$$$

Тарихи маңызы жокой

Ирода

Норм жазылған

Абай

Кушти

Альбина

Шайкастын натежесы жок кой

Абу

Қорытынды жоққой

..

Тарихи маңызы жоққа..??

Aiko

Тарихи жазба жоққой

Myrza

Өте керемет!

Ажар

Қалай жеңіске жеткені туралы бес себеп неге жоқ!!??

Жанасыл

Жеңуінің себептері жазылмапты

Насиба

Жеңіске жетуінің себебі нақты берілмеген

Орасхан

Көп-көп рахмет сізге керемет

Ақтоты

Өте жақсы жазылған

Ақтоты

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз