Алматыда Универсиада-2017 бәсекесінің медаль топтамалары таныстырылды.
«Медальдар біздің Универсиада брендіне және Халықаралық студенттер федерациясының талаптарына сәйкес жасалды. Сонымен қатар, Универсиада Алматыда өтіп жатқандықтан, қаланың бренд белгісін таңбаладық. Медаль жазуы үш тілде берілді», - деді 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция директорының орынбасары Камила Лұқпанова.
Бұған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Бүкіәлемдік қысқы Универсиадада үздік өнер көрсеткен қазақстандық спортшыларға берілетін сыйақы мөлшерін айтқан болатын.
Министрдің айтуынша, «Алтын» алған спортшымызға 4,9 млн теңге (15 000 АҚШ доллары), «күміс» медаль иегеріне 3,3 млн теңге (10 000 АҚШ доллары), «қола» медальді жеңіп алған спортшымызға 1,6 млн теңге (5000 АҚШ доллары) және дәл осындай сомадағы қаражат жеңімпаздардың жаттықтырушыларына да берілетін болады.
28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадада 2000 мыңға жуық спортшы өнер көрсетіп, спорттың 12 түрінен 85 медаль топтамасы ойнатылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі