Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытамыз деген болатын. Мемлекет басшысы «бұл мәселені тиянақты ойланып, ақылмен шешу қажет» деді.
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкімет отырысынан кейін осы мәселеге қатысты сұраққа жауап берді.
«Бұл мәселені бес жылдан бері талқылап келеміз. Биыл сегіз мың мұғалім ағылшын тілінің курсына барады. Сосын, нәтижесін көріп бір шешімге келеміз. Ағылшын тіліне кезең кезеңмен көшу керек. Бірақ, алдымызда екі жыл бар, екі жылды ішінде зерттеу жасап, мұғалімдермен сөйлесеміз»,-деді Сағадиев.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі