Алматы облысы, Кербұлақ ауданы
Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің
3 "б" сынып оқушысы: Абильмажинов Ерсін
Жетекшісі: Сеңгірбаева Асем Мәкежанқызы
Мен өз анамды өте қатты жақсы көрем. Анам туралы айтатын болсам, айтып тауыса алмайтын шығармын. Әр баланың анасына деген махаббаты шексіз деп ойлаймын. Мені осы жарық дүние есігін ашып, осындай жарқын өмір сыйлаған анашыма мың алғыс білдіргім келеді. Ана деген әрбір адам үшін ең қасиетті сөз деп білем. Барлық баланың анасы болу керек. Бірақ, кейбір балалар анасының қадірін білмей, бағаламай оны көп ренжітеді, айтқан тілін алмайды. Ойланып қарасақ осы өмірде аналары жоқ қаншама бала бар десеңші, олар аналарының аяулы алақанын көрмейді. Ал тәрбиелеп алған анасын қастерлеп аялап өтеді. Анамыздың барына шүкір деп айтып, оны ренжітпеуге тырысайық. Анамыз біздің тілеушіміз, біздің қорғаушымыз. Олар біздің жетістіктерімізге бірге қуанып, әр кезде қасымыздан табылып бізге демеу болып жүреді. Қаншама ақын жазушылар осы аналарымызға өз өлең жолдарын, шығармаларын арнады.
Мен ана туралы бір мақал-мәтелдер айтқым келіп отыр.
Ананы сыйламаған, ел қамын ойламаған.
Ана - барлық көркемдіктің үлгісі.
Анада үш бақыт бар: ожданы, бөбегі, ізгі еңбегі.
Анасыз үй - көңілсіз күй.
Анасы бардың панасы бар,
Анасы жоқтың көз жасы бар.
Анамды келе жатқан 8-Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, анама осы өмірдегі барлық жақсылықты тілегім келеді. Анамшым ешқашан ауырма, біздің жанымызда аман-есен жүре бер. Сізге айтар алғысым шексіз менің мейірімді анашым. Сіздің маған артқан үмітіңізді барымды салып ақтауға тырысамын. Сізді ешқашан ренжітіп, көңіліңізге қаяу түсірмеуге үәде берем аяулы анашым. Анамызды сыйлып, қадірлейік ол бізде біреу ғана.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
камила дауренкызы
Осынын бари сынып сагаты туралы ма?
Esirkep Dınara
Ана туралы мақал мәтел барма?