ҚР Білім және ғылым министрлігі мектептерде әрбір оқушыны жеке шкафтармен қамтамасыз етпек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталған ведомствоның басшысы Ерлан Сағадиев мәлім етті.
«Оқулықтарды, аяқ киім мен спорттық жабдықтарды сақтау үшін мектеп оқушысын жеке шкафпен қамтамасыз ету әлемдік тәжірибе. Бұл жобаны біз мектеп директорларымен, өрт сөндірушілермен, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласының өкілдерімен ұзақ талқыладық. Бұл бағыттағы қадамдар өз кезегінде көптеген проблеманы шешеді, оның ішінде оқушы рюкзагының ауырлығын жеңілдетеді. Әрбір балада жеке шкафы болуы тиіс»,-деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, осы жұмыстар ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдардың қаржысына бастауыш сыныптардан басталмақ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Бауыржан
Өткендегі Ата-ананың рюкзагының ауырлығы туралы видеодан кейін ғой, Министр құлақ асып тыңдап жатқаны дұрыс, молодец, енді осыны іске асырса игі болар еді
Жазира
Алдымен жөні түзу парта-тақта әперіп, ауыл мен қаланың терезелерін бір етіп алсын!
Еділ
Шкаф алғанша мектеп бағдарламасынан қажетсіз пәндерді алып тастаған дұрыс