Өлең, жыр, ақындар

Қазақстанда мектеп бағдарламасына сайлау құқығы негіздері курсы енгізілмек

Қазақстанда мектеп бағдарламасына сайлау құқығы негіздері курсын енгізу жоспарлануда. Бұл жайында ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина мәлім етті.

«Сайлаушыларды электоральды оқыту білім берудің орта, кәсіби, техникалық, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім сынды барлық деңгейлерінде үздіксіз процесс болуы тиіс», - деді ол Орталық сайлау комиссиясының ашық отырысы барысныда.

Оның атап өтуінше, орта мектептердің жоғары сыныптарының оқу бағдарламасына және жоғары оқу орындарының бағдарламасына сайлау құқығы негіздері туралы курс енгізу  ҚР Білім және ғылым министрлігі басшылымен, Астанадағы мектептердің, колледждер және жоғары оқу орындарының өкілдерімен бірге алдын ала қарастырылған.

«Мектептердің 9-11 сыныптары үшін «Адам. Қоғам. Құқық» пәнінің оқу бағдарламасын қайта қарау уағдаластығына қол жеткізілді. Оқытудың ойын түрін жүргізу есебінен сайлау құқығы курсының көлемін 1 сағаттан 2 сағатқа дейін ұлғайту керек. Мұнан бөлек, олимпиадалар, байқаулар мен пікірталастар ұйымдастырған жөн. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясы оқытудың мұндай түріне әдістемелік қолдау көрсетіп отырады. Колледждердің 1-2 курсында оқушылар үшін құқық негіздері, саясаттану және әлеуметтану негіздері, Қазақстан тарихы пәндерінің оқу бағдарламасында сайлау құқығы мен электоральды процесс бойынша курстарды ұлғайту қажет», - деді Мұстафина. 

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар