Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің химия-биологиялық бағыттағы 12-сынып оқушысы Есет Сидешов «Smart-house» («Ақылды үй») жобасын жасап шығарды. Тұтастай жоба құны 60 доллар, бұл smart-технологияның шындыққа айналғанына сендіре түседі.
Жоба «Робот техникасы» үйірмесінде оның жетекшісі Бақытжан Мұхаммедпен бірге жасалды.
«Үйді телефон немесе планшет арқылы басқаруға болады, бұл үшін андроид-гаджетке арнайы бағдарлама құрдым. Адам есікке жақындап, «ашу» деген түймені басады, гаджет команда береді, сервомотор есікті ашады. Адам бөлмеге кіргенде, құрылғы-сенсор іске қосылып, жарық жағылады. Менің макетімде есік, терезе пердесі, жалюзи, жарық автоматты түрде жабылады, ашылады. Бұл үшін құрылғы-сенсор орнатылған. Сондай-ақ камера орнатып, жұмыста отырып үйді бақылауға болады. Жобаны «Наурыз кездесуіне», барлық ҚР-дағы НЗМ арасындағы ғылыми жобалар байқауына ұсынбақпын», - дейді Есет.
Бұл арзан, қолжетімді жобаны іске асыруға болады. Бір бөлмеге 20 мың теңге жеткілікті. Ол адам өмірін жеңілдетіп қоймай, электр энергиясын, адам күшін үнемдейді.
Мамыр соңында, емтихандардан кейін, шағын нұсқада жасалған жобаны ол өмірде пайдаланатындай етіп іске асыруға ниетті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі