Ақтау қаласында наурыз айының 23-29 күндері аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиада өтіп жатыр. Кеше, 24 наурыз күні Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов олимпиаданың салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
- Бұл сынға қатысу үлкен абырой ғана емес, әр өңір мен мектеп атынан келіп отырған қатысушылар үшін үлкен жауапкершілік. Сіздің жеңісіңіз қазақстандық білімнің бәсеке қабілеттілігін арттыруға көмектесетін болады. Өйткені сіздер еліміздің зияткерлік әлеуетін құрайсыздар. Сіздің біліміңіз, шығармашылығыңыз бен талантыңыз Қазақстанның болашағын өркендету жолында өте қажет, - деп атай отырып, Ералы Тоғжанов олимпиада қатысушыларына сәттілік тіледі.
Н. Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының холында олимпиада қатысушылары мен әділқазылар алқасына арнап Маңғыстау облысының ұлттық тағамдары мен қолданбалы өнер бұйымдарынан көрме қойылып, «Киелі мекен - Маңғыстау!» атты әдеби-музыкалық композиция ойналды.
Сондай-ақ, Маңғыстау өңірінде еліміздің түкпір-түкпірінен шыққан олимпиада үздіктері қауышты. Астана және Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік-Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары, Алматы қаласындағы Орынбек Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математикалық орта мектеп-интернаты, Алматы, Орал, Атырау, Өскемен қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы қаласындағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының «Өзін-өзі тану» гимназиясы, Алматы қаласының Абай атындағы дарынды оқшуларға арналған республикалық мектеп-интернаты атынан шығатын 21 командадан барлығы 586 оқушы бақ сынасатын болады. Маңғыстау облысының намысын 41 оқушы қорғайды.
Өткен жылғы олимпиада жеңімпаздары онлайн-трансляция арқылы алдағы зияткерлік сайыс қатыушыларына сәттілік тіледі.
Олимпиада қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерді қамтиды. Оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ мектептерінде оқитын оқушылар орыс тілі пәнінен, орыс тілі мектебінде оқитын оқушылар қазақ тілі пәнінен, француз тілі, неміс тілі және ағылшын тілі, Қазақстан тарихы және құқықтану негіздері пәндерінен сайысқа түсетін болады.
Олимпиаданың І, ІІ туры 25 және 26 наурыз күндері «Білім - инновация» облыстық лицейінің базасында өтеді.
27 наурыз күні үйлестіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
28 наурыз күні олимпиада қорытындысы шығып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі болады.
Бос уақытта олимпиада қатысушыларына арнап мәдени-танымдық, спорттық, ойын-сауық шаралары ұйымдастырылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
замира рахат
я өте дұрыс мениң әпкемде сол жарыста
биз жанымызды шүберекке түйіп отырмыз
Құдайым колдап әділказылар әділболгай