Өлең, жыр, ақындар

Сағадиев орыс мектептерінде оқитын 500 мың баланы қазақ тілінде сөйлетпек

Орыс мектептерінде білім алып жатқан 500 мың баланы қазақ тілінде сөйлететін жаңа әдістеме жасалды. Бұл туралы бүгін елордадағы №80 мектеп-гимназияда өткен алғашқы қоңырау аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген еліміздің Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп ҚазАқпарат хабарлайды.

«Барлықтарыңыз білесіздер, қазіргі уақытта жағдайымыз жаман емес. Қазақ балаларының 90 пайызы қазақ тілінде білім алып жатыр. Мәселен, мен оқыған уақытта Алматы қаласында 65 мектептің біреуі ғана қазақ тілінде болатын. Қазір қазақ балаларының 90 пайызы ана тілінде білім алуда. Демек шуласақта, шуламасақта уақыттың өзі келеді», - деді ол.

Осы ретте Ерлан Сағадиев Білім және ғылым министрлігі айрықша назар аударатыны орыс мектептерінде білім алып жатқан 500 мыңға жуық баланы қазақ тіліне үйрету екендігін баса айтты.

«Олар 11 жыл оқыса да қазақ тілінде сөйлемейді, әдістеме нашар. Біз оны түсініп отырмыз. Жаңа әдістеме дайын. Ілкі жоба ретінде мыңнан астам мектепке енгізгелі отыр. Ол коммуникативтік технология, сөздік қоры минимум болып жасалған. Ілкі жоба өз нәтижесін беретін болса, келесі жылы мектептерге енгізетін боламыз», - деді министр.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (5)

Салтанат

Орыс сыныптарында оқитын оқушыларға қазақша орта керек. Олар тек қазақ тілін мектеатегі қазақ тілі сабағында 45 минут өтеді.

Арғын

Бұл оңай нәрсе, бірақ Сағадиевтің қолынан келмейді - ау

Нұрсұлтан Бекенов

25! жыл болды ғой, бұл уақыттың ішінде бəріміз сөйлеуіміз керек еді. Америка, Корея, Африка, европа, Қытай .... дан келгендер 1-2 жылда сөйлеп кетіп жатыр, ал Қазақстанда 25 жыл тұрған кейбір азаматтардың не ұяттары жоқ, не адамгершілігі жоқ қырсық, не түкке икемі жоқ даундар! Басқасының бəрі сылтау. Қазақ тілінде кітаптар та, радио да, оқулықтар да, тегін не ақылы курстар да, қазақ тілінде сөйлетін адамдар да, арналар да, сайттар да, мектептер де, балабақшалар да. .... барлығы жетерлік!

Гүлжан

Нұрсұлтан, сөзіңнің жаны бар.

Масаты

Нұрсұлтан Сіздің сөзіңізге қосылам орыс тілінде оқитын оқушыларлы мемлекеттік тілде сөйлетемін деп астамшылық айтқанша қазақ мектептерерде,балабақшаларда ана тілінде сөйдеуді ең кем дегенде 80 пайызға жеткізше екен,екі ауыз қазақша сөйлеген орыс, қазаққа мəз болмай...

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар