Қазақ әліпбиінің латын нұсқасы ресми түрде бекітілгеннен кейін осы саладағы шаралар жоспары қолға алынады. Соның ішінде жеке куәліктердің жаңа нұсқасын шығару да бар.
«Әрине, бұл шара аса өзекті және әрбір азаматқа қатысты. Оның аясында жеке куәліктер де ауыстырылады. Алайда ол жұмыс біртіндеп атқарылады. Мәселен, қазіргі құжаттар жазылған мерзіміне дейін де жарамды болады. Уақыты аяқталғанда ауыстырылады», - деді Үкімет басшының орынбасары Ерболат Досаев бүгін латын әліпбиінің бірыңғай стандартын таныстыруға арналған парламенттік тыңдауда.
Оның айтуынша, бірыңғай стандарт бекітілген бойда білім беру саласына қатысты біраз шараларды атқару қажет. Алдымен маман даярлау мәселесіне баса назар аударған жөн. Осыдан кейін ол білімді xалық арасында кеңінен тарату қажет. «Осы орайда латын әліпбиін меңгеру бойынша оқу-әдістемелік құралдарды, мобильді қосымшалар мен ақпараттық бағдарламаларды шығарған маңызды. Аталған шаралардың барлығы уақытына қарай үйлестіріледі және бір-бірімен байланыстырылады. Осының арқасында біз латын әліпбиін жүйелі түрде енгізе аламыз», - деп атап көрсетті Үкімет басшысының орынбасары.
Айта кетейік, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде Шаяxметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық орталығының директоры Ербол Тілешов латын әліпбиінің бірыңғай нұсқасын таныстырды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі